13.04.2007, 16:15 4042

Алматы бұрынғыдай еліміздегі ең ластанған қала санатында қалып отыр - прокуратура

АЛМАТЫ. 13-сәуір. Kazakhstan Today. Алматы бұрынғыдай еліміздегі ең ластанған қала санатында қалып отыр. Бұл туралы Алматы прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары Арман Жақсылықов "Заң және табиғат" шарасының қорытындысы бойынша өткен "дөңгелек үстелде" пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. Оның айтуынша, әсіресе ауаның ластануы айрықша алаңдаушылық тудырып отыр, соның ішінде автокөліктерден ауаға тасталатын жалпы ластаушы заттардың 80 проценті шығады.

АЛМАТЫ. 13-сәуір. Kazakhstan Today. Алматы бұрынғыдай еліміздегі ең ластанған қала санатында қалып отыр. Бұл туралы Алматы прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары Арман Жақсылықов "Заң және табиғат" шарасының қорытындысы бойынша өткен "дөңгелек үстелде" пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Оның айтуынша, әсіресе ауаның ластануы айрықша алаңдаушылық тудырып отыр, соның ішінде автокөліктерден ауаға тасталатын жалпы ластаушы заттардың 80 проценті шығады.

"Бір мәрте ғана прокурорлық тексерулер барысында улылық нормаларын бұза отырып пайдаланылатын 800-ден астам автокөлік анықталған. Тексерілген 100 автокөліктен 80-де газдардың улылық нормасы 3-5 есе артық болып шыққан",- деді А.Жақсылықов.

Оның хабарлауынша, жолаушы тасымалы саласында қызмет көрсететін кәсіпорындлардың іс-қызметінде де табиғат қорғау заңнамасын бұзуға қатысты көптеген оқиғалар анықталған. "Бүгінде барлық дерлік автопарктерде нормативке сай келмейтін көліктерді жолға шығару оқиғалары белең алған. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы міндетті түрде жүргізу жөніндегі заңнама талаптарын орындамау тіпті қалыпты жағдайға айналған",- деді А.Жақсылықов.

Оның айтуынша, "№4 автобус паркі" АҚ-ның тексеруге қамтылған 70 автобусынан елуі, №2 автоперктің 47 автобусының жиырмасы улылық нормаларын бұзу арқылы пайдаланылады. Тексерілген елу автокәсіпорынның біреуінде ғана газды анализатор аспабы бар болып шыққан.

Сонымен бірге прокурордың айтуынша, қоршаған ортаға шаң-тозаңның әсері де алаңдаушылық тудыруда. "Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша Алматыда шаң-тозаң индексі 2001-жылғы 1,17-ден 2006-жылы 1,95-ке дейін артқан. Прокуратураның пікірінше, шаң-тозаң деңгейіне кері әсер етіп отырған бір фактор - әсіресе қала орталығында жұмыс істеп жатқан құрылыс алаңдары болып табылуда. "Құрылыс алаңдарынан шығатын автокөліктердің дөңгелегін жууға арналған жабдықтар жоқ, су айдау жүйелері жұмыс істемейді, соның салдарынан құрылыс алаңдарындағы қоқыс көшелерге шығарылуда" ,- деді А.Жақсылықов.

Сонымен бірге сапасыз жанармай да ауа бассейнінің ахуалына кері әсер етуде. "Қалада сатылатын жанармайға жасалған тексеру нәтижесінде 14 жанармай тарату бекетінің онында сатылатын жанармайдың нормативтік құжаттанрға сай келмейтіндігі анықталды. Қалада мұнай өнімдерінің сапасын тексеретін мемлекеттік зертхана жоқ",- деді прокурор.

Прокурорлардың табиғат қорғау заңнамасы нормаларының сақталуын тексеруі нәтижесінде 10 таныстыру жолданып, 12 әкімшілік іс қозғалды, 2 қарсылық жасалды, 24 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 562 мың теңгенің айыппұлы өндіріп алынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны