18.10.2018, 18:49 8075

Алматы Еуропалық ақылды қалалар форумыныӊ жоғары марапатына ие болды

Конкурс комитеті Алматыныӊ қоғамдық көліктегі табыстыӊ ашықтығына цифрлық технологияны пайдалануы, оныӊ әртүрлігі мен қолжетімділігі, сарапшылар мен бизнестіӊ қатысуы, МЖИ механизмініӊ ұтымды қолданылуы, экологияны жақсартуға басымдылық беруі сынды басты критерийлерді атап өтті.

Алматы. 18 қазан. Kazakhstan Today - Алматы Любляна қаласында өткен ақылды қалалардыӊ "Smart city-2018" Еуропалық форумында көлік жүйесін кешенді реформалау бойынша бірінші орынды иеленді. 50 еӊ үздік әлемдік практика мен инновациялық жобалардыӊ финалдық үштігіне "Анкара парк" туристік жобасымен түрік астанасы Анкара мен "Сава өзеніне тұрғындардыӊ оралуы" бағдарламасымен хорваттыӊ Загреб қаласы да енді.

Конкурс комитеті Алматыныӊ қоғамдық көліктегі табыстыӊ ашықтығына цифрлық технологияны пайдалануы, оныӊ әртүрлігі мен қолжетімділігі, сарапшылар мен бизнестіӊ қатысуы, МЖИ механизмініӊ ұтымды қолданылуы, экологияны жақсартуға басымдылық беруі сынды басты критерийлерді атап өтті. Айта кетерлігі, биыл қалада автобус парктерін жаӊарту деӊгейі 80%-ға жететін болады. Жеке инвестиция есебінен үшінші буындағы электробустар шығаратын автобус паркі мен зауыт салынды. Электробустарды қала бағыттары бойынша жүргізу мегаполис экологиясына оӊ әсер етеді.

Елімізде алғаш рет BRT жүйесі іске асты, қоғамдық көлік үшін 110 км арнайы жолақтар жасалды, қаланыӊ 10 орталық көшесіне біржақты көлік қозғалысы енгізілді, Орбитадан Көкбазарға дейін велодәліз жасақталды.Метроныӊ екі бекетініӊ құрылысы жүруде, ол қаланы тыныш аудандармен және кейін қосылған елді мекендермен байланыстыратын болады.

Қазіргі кезде Алматыдағы қоғамдық көліктерде барлық транзакциялардыӊ 97 пайызы қолма-қол ақшасыз жүзеге асуда, GPS-жүйесі арқылы диспетчерлік басқарудыӊ автоматты жүйесі жұмыс істеуде, барлық автобустарға видеокамералар орнатылған, тасымалдаушыларды субсидиялауға қатысты жолаушылардын түскен шағым бойынша айыппұл салу жүйесі қолға алынды.


Қалада ЖКА-на қатысты фото-видеофиксация жүйесі жұмыс істейді, 709 қозғалыс жолағы бақылауға алынған, келер жылдан бастап бақылау нүктелері екі есе артады.

Көлік жүйесін реформалауда қала басшылығы үздік халықаралық мамандармен бірігіп жұмыс істеуде. Олардыӊ арасында қоғамдық көлік кеӊістігі мен көшелерді модернизациялаумен айналысатын "Gehl architects", "Тұрақты көлік" жобасы бойынша жұмыс істейтін БҰҰДБ, көлік қозғалысыныӊ кешенді сызбасын жасайтын "A+S Транспроект","Systra" компаниялары және Алматыныӊ шебер- жоспар концепциясын жасауға кіріскен канадалық- америкалық "HATCH" компаниясы бар.

Айта кетерлігі,"Smart city" форумы Любляна қаласында 2011 жылдан бастап өтуде және Еуропа мен Азия қалаларымен ынтымақтастықты нығайтуға, "Ақылды қалалар" цифрлы транформациясын бірігіп жүзеге асыруға бағытталған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны