22.05.2015, 15:03 4694

"Алматы - Гүл қала" фестивалі мерейлі мерекесін атап өтеді

V мерейлі "Алматы - Гүл қала" гүлдер фестивалініӊ тақырыбы мерейлі салютке арналмақ. Алматы қаласыныӊ үздік флорисі атағы мен 1 млн. теӊге көлеміндегі сыйақы үшін мегаполистіӊ 8 ауданыныӊ 30 қатысушысы бәсекеге түседі

Астана. 22 Мамыр. Kazakhstan Today - V мерейлі "Алматы - Гүл қала" гүлдер фестивалініӊ тақырыбы мерейлі салютке арналмақ. Алматы қаласыныӊ үздік флорисі атағы мен 1 млн. теӊге көлеміндегі сыйақы үшін мегаполистіӊ 8 ауданыныӊ 30 қатысушысы бәсекеге түседі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Екінші жәнеи үшінші орынды гүл шебері атанғандар 500 және 300 мыӊ теӊге көлемінде сыйақы алады.

Жыл сайынғы дәстүр бойынша үлкендермен бірге балалар да өз шеберліктерін көрсетпек. Биылғы жылы бұл номинация бойынша 2 тақырыптық бәсеке- кеме жасау мен гүлден киім өру қарастырылған. Жас флористер бағалы сыйлықтармен қатар гаджет түрінде iPhone, iPad және басқаларын алады. Жалпы, биылғы мерейлі гүл фестивалініӊ жүлде қоры 2,5 млн. теӊгені құрайды.

Мерейлі фестивальдіӊ келушілерге ұсынар бағдарламасы өте ауқымды, олар - гүл көрмесі мен жәрмеӊкесі, концерттер, флористикалық компаниялар мен қала аудандарыныӊ өзара сайысы, ашық аспан астындағы кинотеатр, жас орындаушылар байқауы.

Мерекеніӊ негізгі көрсетілімі - мыӊ гүл мен 30 - дан астам табиғи заттардан жасалған гүл кілем. Биылғы мерейлі "Алматы - Гүл қала" фестивалініӊ басты тақырыбы көпшілікке кеӊінен таныс - витраж бен мозаика. Бұлар этникалық суреттер мен қазақтыӊ ою- өрнегінен құралған. Гүл мерекесіне келушілерді қаламыздыӊ танымал адамдары ерекше тәсілмен құттықтайды, демалыс орындары, авторлық аймақ және басқа да қызығы мол орындар жұмыс істеп, демеушілер өз бағдарламаларын ұсынады.

Мерекеніӊ финалдық нүктесі - сағат 21.30-да болатын үлкен отшашу.

V фестивальдіӊ өтетін орны мен уақыты: сағат 11-00 ден 22-30-ға дейін Бірінші Президент саябағы (Ил-Фараби даӊғылы мен Науаи көшесініӊ қилысы).

Алматы қаласы әкімініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны