11.08.2006, 19:08 3185

Алматы хайуанаттар бағына сафари-парк құру үшін бөлінген 31,5 гектар жер элиталық құрылыс салуға берілді

АЛМАТЫ. 11-тамыз. Kazakhstan Today. Алматы хайуанаттар бағына сафари-парк құру үшін бөлінген 31,5 гектар жер элиталық құрылыс салуға берілді. Бұл туралы республикалық "Новое поколение" апталығында жарияланған (2006-жылдың 11-тамызы, №32 (428)) мақалада айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Алматы хайуанаттар бағына сафари-парк құру үшін берілген 31,5 гектар жер элиталық құрылыс салуға берілді деген ақпарат шындыққа айналған ұқсайды",- делінген "Естественный отбор", яғни, "Табиғи сұрыпталу" атты мақалада.

"Бұл орайда Алматы хайуанаттар бағының аумағы өзгертілмейді",- дейді газет тілшісі. "Алматы хайуанаттар бағының қазіргі аумағы 26 гектарды құрайды. Хайуанаттар бағындағылар бұл аумақ ешкімнің көз жауын ала қоймас деп сенеді. Ал әңгімеге өзек болып отырған 31,5 гектар жер - хайуанаттар бағына қосымша бөлінген жер. Осы жерді құрылыс салуға лайық деп тапқан бір пысықай құрылысшы Қапшағай тас жолының 26-шақырымындағы 150 гектар жерді ұсынған",- делінген мақалада.

Осыған байланысты мақала авторы директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Жаннат Ахметованың : "хайуанаттар бағының жері тұрын үй құрылысын салуға берілген деген хабарлама жартылай ғана шындыққа жанасады деуге болады", деген сөзін келтіреді. "Қазіргі хайуанаттар бағы ешқайда көшірілмейді",- деп сендіреді мақалада хайуанаттар бағының директоры Көмек Илменбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны