21.04.2017, 13:24 2884

Алматы Халықаралық әуежайында антитеррорлық оқу-жаттығу шарасы аяқталды

Алматы Халықаралық әуежайында жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығу шарасы аяқталды,- деп хабарлайды Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы.

Алматы. 21 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы Халықаралық әуежайында жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығу шарасы аяқталды,- деп хабарлайды Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы.

ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне дайындық аясында Алматы қалалық терроризмге қарсы жедел штабыныӊ қызметі көлік инфрақұрылымы нысандарында лаӊкестік қауіп-қатер туындаған жағдайда қандай әрекет ету керектігін пысықтады,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Оқу-жаттығудыӊ мақсаты терроризм актісін болдырмау механизмдерін жетілдіруге бағытталған, яғни әуе жолы көлігіндегі жарылғыш құрылғыларды іздеп-табуға, оны залалсыздандыруға, тұтқындарды босатуға және террористерді бейтараптандыруға арналған. Алматы қалалық жедел штабы бөлімшесі бұл тапсырмаларды орындап шықты. Оқу-жаттығулар кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы Алматы қаласыныӊ тұрғындары мен қонақтарын түсіністік танытқаны және тыныштық сақтағаны үшін ризашылығын білдіреді",- делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасыныӊ президенті Н.Назарбаевтыӊ Қазақстан халқына арнаған жолдауында елдіӊ қауіпсіздігін нығайтуға баса назар аударылған. Ел дамуыныӊ бүгінгі басты мақсаты - бүкіл салада барынша қуатты әрі бекем елге айналу.

Бүгінгі күні Қазақстанда Елбасыныӊ арқасында саяси және экономикалық дамудыӊ бекем моделі қалыптасты. Бұл модель терроризм, экстремизм, экономикалық дағдарыс, геосаяси шиеленістер мен қарсыластықтарға тартылу секілді әлемдік қатерлерден қорғай алады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны