11.06.2008, 14:47 1915

Алматы қалалық әкімдігі мен Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық агенттігі сейсмикалық қауіпсіздікті күшейту жөніндегі бірлескен жобаны жүзеге асырады

Алматы қалалық әкімдігі мен Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық агенттігі сейсмикалық қауіпсіздікті күшейту жөніндегі бірлескен жобаны жүзеге асырады

Алматы. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қалалық әкімдігі мен Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық агенттігі сейсмикалық қауіпсіздікті күшейту жөніндегі бірлескен жобаны жүзеге асырады, деп хабарлайды агенттік тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы қалалық әкімдігі мен Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық агенттігі сейсмикалық қауіпсіздікті күшейту жөніндегі бірлескен жобаны жүзеге асырады, ол сейсмикалық апаттың алдын алу, адамдар өмірін сақтау, қауіп төнген жағдайда тығырықтан шығудың жолдарын қарастыру, қоршаған ортаға келетін залалды азайтуға бағытталады.

"Алматы қаласы үшін бұл жобаның маңызы ерекше, сейсмикалық жағдайы жоғары бұл аймақта 1,5 миллионнан астам адам өмір сүріп, еңбек етуде, жүздеген өндіріс орындары да бар. Демек, сақтана білу - өте маңызды",- делінген хабарламада.

Жоба аясында ертең "ҚР Алматы қаласында жер сілкінісінің қауіптерін басқаруды үйрену" деген тақырыпта Алматы қалалық әкімдігі мен Жапон Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің бірлескен жобасын жүзеге асыру аясында халықаралық семинар өтеді.

Оның жұмысына Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, Жапония елшілігі Алматы бөлімшесінің бастығы Сэо Масацуга мырза, жаһандық экология саласы бағдарламасы Департаменті директорының орынбасары, жоба кураторы Саката Секичи мырза қатысады.

Семинар жақын және алыс шетел дипломатиялық миссиялары өкілдерінің, жобаны зерттеу тобы жауапты қызметкерлерінің, жергілікті билік орындары, АҚ пен ТЖ басқармалары органдары, кәсіпорындар мен ұйымдар басшылары мен ғылыми-зерттеу және жоба- іздестіру институттары мамандарының қатысуымен өтеді.

Сейсмикалық апаттың алдын алу, адамдар өмірін сақтау, қауіп төнген жағдайда тығырықтан шығудың жолдарын қарастыру, қоршаған ортаға келетін залалды азайту және басқа да өзекті мәселелер тақыланады.

Халықаралық семинар барысында жобаны жүзеге асырудың аралық қорытындысы шығарылып, "Алматы қаласының сейсмикалық қаупін анықтау және алдын алу" мәселелері жан -жақты сөз болады.

Бұлардан өзге семинар аясында, 13 маусым күні Алматы қаласының төтенше жағдайларын басқару орталығының ЕДДС және АҚ пен ТЖ-дың кезекші- диспетчерлік қызметі үшін "RADIUS" компьютерлік бағдарламасының тұсаукесер рәсімі өтеді.

Халықаралық семинарды ұйымдастырушылар бұл жобаның іске асуы ҚР үкіметі мен Жапон үкіметі арасындағы өзара ынтымақтастық пен іскерлік қарым - қатынасты барынша жақсартып, Алматы қаласында төтенше жағдайлар бола қалса қауіпсіздікті дер кезінде қамтамасыз етіп, адам өмірін сақтап қалатындығына нық сенім білдіріп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны