25.09.2009, 16:27 3555

Алматы қалалық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бастығы заңсыз салынған нысандарды бұзу жұмыстарын қарқындандыруды ұсынады

Алматы қалалық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бастығы заңсыз салынған нысандарды бұзу жұмыстарын қарқындандыруды ұсынады

Алматы. 25 қыркүйек. Kazakhstan Today - Сейсмологиялық қауіпті аймақта, соның ішінде Алматы қаласында құрылысты заңсыз салғаны үшін салынатын айыппұлды алып тастап, заңсыз салынған нысандарды бұзуға мәжбүрлеу жөніндегі норманы қалдыру керек. Бұл туралы бүгін өткен депутаттық тыңдауларда Алматы қалалық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бастығы Асқар Тұтыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мен Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттік төрағасына Сейсмологиялық қауіпті аймақта, соның ішінде Алматы қаласында құрылысты заңсыз салғаны үшін салынатын айыппұлды алып тастап, заңсыз салынған нысандарды бұзуға мәжбүрлеу жөніндегі норманы қалдыру керек деген пікір айттым", - деді А. Тұтыбаев.

Атап айтсақ, басқарманың мәліметінше, бүгінгі күні Алматы қаласында жалпы 270 құрылыс нысаны бар. Соның ішінде 21 нысан заңсыз салынуда. "Осы барлық нысандар бойынша нұсқамалар берілді. Олардың басым бөлігіндегі жұмыстар тоқтатылған", - деді А. Тұтыбаев.

Оның айтуынша, қолданылып жатқан шараларға қарамастан, "кейбір нысандар одан әрі салынуда". "Мысалы, "Көктем-2" ықшамауданында жертөледе сыра қайнанатын өндіріс ашу үшін үйдің жоспарын қайта өзгертуде. Біз құрылысты бірнеше мәрте тоқтатқанымызбен, ондағы жұмыстар одан әрі жалғасуда", - деді ол.

Сондай-ақ, басқарма бастығының ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың сегіз айында салынып жатқан құрылыс нысандарына жүргізілген тексерулердің нәтижесіне сәйкес, 4236 әкімшілік іс қозғалды: оның 927-сі заңды тұлғалар бойынша және 3309-ы жеке тұлғалар бойынша.

Соның ішінде 1278 материал мәжбүрлі бұзу жөніндегі талаппен сотқа жіберілді, деді басқарма бастығы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны