30.05.2008, 18:32 3358

Алматы қалалық наркологиялық орталығында темекі тәуелділігінен емдейтін бөлім ашылды

Алматы қалалық наркологиялық орталығында темекі тәуелділігінен емдейтін бөлім ашылды

Алматы. 30 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда қалалық наркологиялық орталығы жанынан темекі тәуелділігінен емдейтін бөлім ашылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Ашылған бөлімнің мақсаты- адамдарға кешенді емдеу жүргізу арқылы темекі тәуелділігінен айыру. Бөлімнің терапевтілері мен психологтары күн сайын адамдарды қабылдайтын болады. Сондай-ақ, физиотерапия, сылап-сипау, денешынықтырумен емдеу кабинеттері ашылды. Дәрігерлер темекі тартатындарға стационарлық және амбулаториялық емдеуді ұсынады. Барлық емдеулер тегін жасалады. Бұл мақсаттар үшін қалалық бюджеттен биылғы жылы екі жарым миллион теңгеден аса қаржы бөлінді.

"Шылым шегу өте өзекті мәселе. Біз неге осы мәселемен айналысамыз? Өйткені темекі токсикологиялық заттар қатарына жатады, тікелей психобелсенді заттар тобына кіреді. Темекі барлық адам ағзасына кері әсерін тигізеді. Біз адамдарға көмек көрсету мәселелерінен бастаймыз", - деді қалалық наркологиялық орталығының бас дәрігері Борис Дубинин.

Мамандардың пікірі бойынша, соңғы он жылдықта жаман әдет әлемдік мәселеге айналды. Қазақстан тұрғындарының 21 пайызы тұрақты түрде шылым шегеді. Бүгінгі күні Алматылықтар зиянды заттан құтылудың мүмкіндігін алды.

Оңтүстік астана қаласының әкімі "Алматы темекі түтінінен азат қала" атты өзінің жеке жобасын дайындады. Үш жылдық жобаны жүзеге асыру үшін 200 млн теңге бөлінді.Жасөспірімдер орта білім беру мектептерінде және жоғары оқу орындарында ашылған шылымға қарсы орталықтарында темекі тартудың қауіп-қатері туралы барлық ақпаратты алатын болады. Салауаты өмір салтын құру жөніндегі орталығында арнайы компьютерлік ойын жасалып, онда балаларға темекі тартудың зияндылығы түсіндірілетін болады. Қалада көптеген ұйымдар өздерін темекі түтінінен азат аймақпыз деп жариялауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны