25.02.2009, 17:57 3450

Алматы қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Алматы қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Алматы. 25 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің 2009 жылдың 25 ақпанындағы бұйрығы бойынша, қала әкімінің орынбасары қызметіне, бұрын Алматы қаласы әкімінің аппарат жетекшісі қызметін атқарған 40 жастағы Ербол Шорманов тағайындалды.

Ербол Шорманов Алматы қаласында туған. Алматы халықшаруашылығы институтын тәмамдаған, өңіраралық көліктегі қаржы полициясы басқармасының жауап алу бойынша аға инспекторы, Алматы облысы Кеден басқармасы бастығының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің "Байқоңыр" кедені бастығының қызметтерін атқарған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны