10.07.2017, 18:33 3911

Алматы қаласы Алатау ауданыныӊ жаӊа әкімі тағайындалды

Шахмерден Рыспаев - жеке секторда да, мемлекеттік басқару ісінде де тәжірибесі бар. Мемлекеттік қызметті 2001 Алматы қаласыныӊ Қоршаған ортаны қорғау басқармасыныӊ жетекші маманы ретінде бастаған.

Алматы. 10 шілде. Kazakhstan Today - ҚР Президенті Икімшілігініӊ жәна Алматы қаласы мәслихатыныӊ келісімімен Алатау ауданыныӊ жаӊа әкімі болып Шахмерден Рыспаев тағайындалды. Алматы әкімі Бауыржан Байбек аудан әкімдігініӊ ұжымына жаӊа басшыларын таныстырды.

Шахмерден Рыспаев - жеке секторда да, мемлекеттік басқару ісінде де тәжірибесі бар. Мемлекеттік қызметті 2001 Алматы қаласыныӊ Қоршаған ортаны қорғау басқармасыныӊ жетекші маманы ретінде бастаған.

2002-2005 жылдар аралығында "Медеу" мемлекеттік табиғи паркініӊ аға консультанты қызметін атқарған.

2010-2015 жылдар аралығында Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігініӊ мемлекеттік-құқық бөлімініӊ бастығы болған.

2015 жылдан бастап Алматы қаласы Алатау ауданы әкімініӊ орынбасары қызметін атқарған.

Естеріӊізге сала кетейік, бұрын аудан әкімі болған Бағдат Манзоров Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылау басқармасыныӊ басшысы болып тағайындалған еді.

Алатау ауданы 9 жыл ішінде жедел қарқынмен дамыды, мұнда 4 жаӊа емхана, 9 мектеп, 12 мемлекеттік бала бақша, Атлеттер ауылы, "Алматы арена" салынды. "Алғабас-6", "Нұркент", "Ақкент" ықшам аудандарында тұрғын кешендерініӊ құрылысы жалғасуда. 9 жыл ішінде ауданда өндіріс өнімі 12 ,3 есе, инвестиция 32 есе өсті. Салық түсімі 3 есе артып, 22,5 млрд. теӊгені құрады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны