16.09.2017, 10:49 2935

Алматы қаласы Медеу ауданыныӊ әкімі қалалықтарды ашық қабылдау өткізді

Алматы қаласы Медеу ауданыныӊ әкімі Ержан Жылқыбаев қалалықтарды ашық қабылдау барысында 100-ден астам адамныӊ арыз-шағымын тыӊдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Алматы. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы қаласы Медеу ауданыныӊ әкімі Ержан Жылқыбаев қалалықтарды ашық қабылдау барысында 100-ден астам адамныӊ арыз-шағымын тыӊдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Думан ықшамауданында өткен көшпелі қабылдауға Алматы қалалық білім бөлімініӊ, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, энергетика және коммуналдық шаруашылық, тұтынушылар құқығын қорғау басқармаларыныӊ өкілдері, сондай-ақ, аудандық прокурор, жергілікті полиция қызметініӊ, ТЖ жөніндегі органныӊ және Халықты жұмыспен қамту орталығыныӊ өкілдері қатысты.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, ықшамаудан тұрғындарын негізінен кәріз және су қамтамасыздығы жүйесініӊ жұмысына қатысты мәселелер алаӊдатады. Жылқыбаев аталған жүйелердіӊ құрылыс жұмыстары 2018 жылдыӊ аяғына таман аяқталатынын және оған қала қазынасынан 50 млн теӊге бөлінгенін хабарлады.

Ықшамаудан тұрғындарыныӊ бірі Медеу ауданыныӊ әкіміне балаларға арналған алаӊдардыӊ жоқтығына шағымданды. Икім бұл мәселеніӊ кешікпей шешімін табатынына уәде берді. Қабылдауға келген тағы бір әйел өз проблемасын көптен бері шеше алмай жүргенін жеткізді. Аудан әкімініӊ қабылдауынан кейін ол қажетті маманға жіберілді, бұл орайда әкім оған қатысты мәселені өз бақылауына алатынын айтып уәде берді.

Жылқыбаевтыӊ айтуынша, ол ашықтық пен қолжетімділікті қолдайды және ҚР президентініӊ тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлер "кабинеттерде отыруға, ал адамдар өз проблемаларын шешіп бере алатын шенеуніктерді іздеп кабинеттердіӊ есігін тоздыруға тиіс емес".

"Біз адамдардыӊ келіп сұрақ қойып, оған бірден сапалы жауап алуы үшін көшпелі кездесулер өткіземіз. Егер мәселені сол жерде шешу мүмкін болмаса, онда оны біз назарымызға алып, басқармалармен бірлесе отырып шешімін табамыз", - деп түсіндірді әкім.

Кездесуде қала тұрғындарына мемлекет басшысыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласы мен "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаҺандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына арнаған жолдауыныӊ баптары түсіндірілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны