13.06.2008, 18:55 2883

Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Петропавловск. 13 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Атап айтсақ, келісімде азық-түлікпен қамтамасыз ету, кәсіпкерлік пен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастық жайы айтылған.

Сонымен бірге тараптар ақпарат алмасу, қала шаруашылығын жүргізу саласындағы тәжірибемен бөлісу, жоспарлау және құрылыс, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік қамтамасыздық, мәдениет пен туризмді дамытуға өзара қолдау көрсетеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны