28.09.2016, 18:24 6610

Алматы қаласын дамыту орталығы Smart Almaty жобасыныӊ негізгі кезеӊін жүзеге асыруға кірісті

Тұжырымдамада "Ақылды көлік", "Ақылды ТКШ", "Қауіпсіз қала", "Ақылды қызметтер", "Денсаулық" және "Білім беру" секілді басым бағыттарды дамыту қарастырылуға тиіс.

Алматы. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ Smart Almaty жобасыныӊ негізгі кезеӊін жүзеге асыруға кірісті.

"Алматы қаласын дамыту орталығы ҚБТУ Инжиниринг және ақпараттық технологиялар институты мен Халықаралық IDC консалтингтік компаниясынан құрылған консорциуммен шартқа отырды. Консорциум АҚ Smart Almaty жобасыныӊ тұжырымдамасын жасау жөніндегі байқаудыӊ жеӊімпазы болып табылады, - деп хабарлайды орталық.

Шартқа сәйкес, тұжырымдама "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ -мен бірлесе отырып жасалатын болады.

IDC консалтингтік компаниясы Эр-Рияд (Сауд Арабиясы) және Нью-Йорк (АҚШ) қалалары үшін осындай тұжырымдама жасау тәжірибелерін жинақтағандығы айтылуда. ҚБТУ Инжиниринг және ақпараттық технологиялар институты қалалық және республикалық деӊгейдегі ақпараттық-талдамалық жүйелердіӊ жобасын жасап автоматтандыру нарығында елеулі тәжірибеге ие. Жергілікті және халықаралық нарықтағы тәжірибені өзара ұштастыру арқылы тұжырымдаманыӊ тиімділігі мен өзектілігі қамтамасыз етіледі.

Тұжырымдамада "Ақылды көлік", "Ақылды ТКШ", "Қауіпсіз қала", "Ақылды қызметтер", "Денсаулық" және "Білім беру" секілді басым бағыттарды дамыту қарастырылуға тиіс.

Smart Almaty жобасыныӊ тұжырымдамасын жасау жөніндегі жұмыстар Алматы қаласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардыӊ ағымдағы жағдайын зерттеуді, олардыӊ жетістіктерін және одан әрі дамыту мүмкіндіктерін бағалауды қамти отырып, қазіргі қолданыстағы және перспективалық жобаларды, оныӊ ішінде "Электронды Үкімет" жобасын да біріктіруді қамтамасыз етуге тиіс.

Сондай-ақ, шарт бойынша, әлемніӊ 20 қаласын үлгі ете отырып, "Ақылды қала" жобасын сәтті жүзеге асыру тәжірибесі зерделенеді. Бұл қаладағы ағымдағы және жоспардағы ахуалды салыстыра бағалауға, сонымен бірге Алматыныӊ ерекшеліктерін және қала үшін басым бағыттарды ескере отырып, үздік технологиялық шешімдерді қолданысқа енгізуге мүмкіндік береді.

Тұжырымдаманыӊ жоғарғы деӊгейде үйлестірілуі мен өзектілігін қамтамасыз ету үшін әрбір басымдық берілген бағыт бойынша әкімдіктіӊ басшылық құрамы, қоғамдық бірлестіктер, бизнес-қоғамдастықтыӊ өкілдерінен сарапшылық жұмыс тобы құрылады, деп хабарлайды орталық.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны