20.10.2017, 18:25 6455

Алматы қаласын көгалдандырудыӊ тұжырымдамасына ұсыныстарды қабылдау 31 қазанға дейін ұзартылды

Тұжырымдаманы әзірлеу үшін орман шаруашылығы ғалымдары, сәулетшілер, биологтар, экономистер, гидрологтар және қоғамдық ұйым өкілдерінен жұмыс тобы құрылды.

Алматы. 20 қазан. Kazakhstan Today - Алматы қаласын көгалдандыру тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы Алматы қаласын көгалдандырудыӊ тұжырымдамасына ұсыныстарды қабылдау 31 қазанға дейін ұзартылғанын хабарлайды.
Ұсыныстар 2017 жылғы 31 қазанға дейін, 31-ін қоса есептегенде, қабылданады.

Бұдан бұрын ұсыныстардыӊ 2017 жылғы 15 қазанға дейін қабылданатыны туралы хабарланған болатын. Естеріӊізге салсақ, "Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" КММ тапсырмасы бойынша қолайлы қала ортасын жақсарту мақсатында Алматы қаласын көгалдандырудыӊ тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.

Тұжырымдаманы әзірлеу үшін орман шаруашылығы ғалымдары, сәулетшілер, биологтар, экономистер, гидрологтар және қоғамдық ұйым өкілдерінен жұмыс тобы құрылды.

Тұжырымдама қаланыӊ климаттық ерекшелігі, топырағыныӊ құрамы, жерасты суыныӊ жақын орналасуы деӊгейін, жануарлар дүниесініӊ биологиялық алуантүрлілігіне талдау жасауға негізделген.

Тұжырымдама егілетін ағаш-бұташа, өсімдік материалдарын таӊдау, дайындау және оны күтіп баптау әдістемесінен, саябақтар, аула ішіндегі аумақтар, санитарлық қорғаныс аймағына арналған бірыӊғай қалалық көгалдандыру жүйесінен құралып, қала аумағын абаттандыру және көгалдандыру жүйесін дамыту жөніндегі Алматы қаласыныӊ бағдарламасын әзірлеуге, Алматы қаласыныӊ аумағында өзініӊ қызметін жүзеге асырып жүрген кәсіпорындар мен ұйымдардыӊ қызметіне негіздеме болады.

Тұжырымдама әзірлеудегі тағы бір мақсат - бұрыннан бар жасыл желектердіӊ күйін жақсарту және жалпы пайдаланудағы жасыл желектердіӊ бір адамға шаққандағы көлемін 13 шаршы метрге дейін арттыру болып есептеледі.. Алматы қаласыныӊ тұрғындары аталған Тұжырымдамаға қатысты өз ұсыныстарын [email protected] адресіне жібере алады.

www.conga.kz сайтында қосымша ақпаратпен танысуға болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны