10.07.2018, 13:37 5858

Алматы қаласында 12 шілдеден бастап шегірткемен күресу бойынша іс-шаралар басталады

"Сонымен қатар, аталған жұмыс түнгі кезеӊде сағат 23:30 дан 05:30 - ға дейін жүргізілетіндігіне байланысты, тұрғындарға түнгі серуендеу кезінде сақтық шараларын сақтауды және үйдіӊ терезелерін жабуды сұрайды",- деп хабарлайды Алматы қаласыныӊ Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы.

Алматы. 10 шілде. Kazakhstan Today - Алматы қаласыныӊ Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы Алматы қаласында шегірткелердіӊ пайда болуын ескертеді және 12 шілдеден бастап тұрақты емес шегіртке зиянкестерімен күресу бойынша жоспарланған іс-шаралар басталатынын хабарлайды.

"2,5 мыӊ га жерді құрайтын, саяқ шегіртке зиянкестеріне қала аумағыныӊ Алатау, Бостандық, Жетісу, Медеу, Наурызбай және Түрксіб аудандарында барьерлік өӊдеу жұмыстары жүргізіледі",- делінген хабарламада.

Дезинсекция жұмыстары жасыл желектерді қорғауға және жәндіктердіӊ Алматы қаласы аумағына көшуіне төтеп беруге арналған.

Сондай-ақ, 500 га жерді құрайтын, жәндіктердіӊ қала аумағында көп шоғырланған аймақтарына, жақын арада жергілікті өӊдеу жұмыстары жүргізіледі.

"Сонымен қатар, аталған жұмыс түнгі кезеӊде сағат 23:30 дан 05:30 - ға дейін жүргізілетіндігіне байланысты, тұрғындарға түнгі серуендеу кезінде сақтық шараларын сақтауды және үйдіӊ терезелерін жабуды сұрайды",- деп хабарлайды Алматы қаласыныӊ Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны