10.04.2018, 20:38 7457

Алматы қаласында 179 діни бірлестік жұмыс істейді

Басқарма басшысыныӊ ақпаратынша, Алматы қаласында 17 конфессиядан (Республика бойынша - 18 конфессия) құралған 179 діни бірлестік тіркеліп жұмыс істейді.

Алматы. 10 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы қаласыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметінде "Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасыныӊ 2017 жылы атқарған жұмыс нәтижелері және 2018 жылға арналған жоспарлары" тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Брифингке Дін істері жөніндегі басқармасыныӊ басшысы Айдар Рахымжанұлы Есенбеков қатысып, белгіленген тақырып аясында ой өрбітті.

Басқарма басшысыныӊ ақпаратынша, Алматы қаласында 17 конфессиядан (Республика бойынша - 18 конфессия) құралған 179 діни бірлестік тіркеліп жұмыс істейді. 112 діни ғимарат: оныӊ ішінде 49 мешіт, 19 православиелік шіркеу мен собор, 2 католиктік приход, 1 синагога, 1 вон-буддизм конфессиясыныӊ діни ғимараты, 34 протестанттық конфессияныӊ, 4 иегова куәгерлерініӊ, 1 жаӊа апостолдық шіркеуініӊ және Бахай қауымдастығыныӊ діни ғимараты.

Бүгінгі күнде қалада 149 миссионер (оныӊ ішінде исламдық - 4, православиелік - 32, католик - 25, протестант - 53, мормон - 21, жетінші күнніӊ адвентистері - 6, иегова куәгерлері - 5, жаӊаапостолдық - 2, вон-буддизм - 1) тіркелген.

Тіркелген миссионерлердіӊ басым бөлігін орыс православиелік, рим-католиктік және протестанттық шіркеудіӊ өкілдері құрайды.

Алматы қаласында ресми түрде 4 діни оқу орны тіркелген. Оныӊ ішінде:

- "Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университеті;

- ҚР ҚМДБ жанындағы Имамдардыӊ біліктілігін жоғарылату институты;

- "Ибу-Ханифа" колледжі (медресе);

- Православиелік шіркеудіӊ Алматы рухани семинариясы.

Қазіргі таӊда Алматы қаласында діни әдебиеттерді немесе діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды тарату үшін 36 арнайы стационарлы үй-жайлар тіркелген.

Сондай-ақ, білім беру мекемелерініӊ кітаптар қорларында, мәдениет мекемелерінде, түзету мекемелерінде дінтану сараптамасыныӊ оӊ қорытындысын алмаған діни әдебиеттердіӊ таралуына жол бермеуге бағытталған тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Өткен жылы еркін консультативтік-кеӊестік орган болып табылатын Алматы қаласыныӊ Діни бірлестіктері басшыларыныӊ клубы құрылды және нәтижелі жұмыс жасауда.

Клубтыӊ мақсаты мемлекеттік-конфессияаралық қатынастардағы өзекті тақырыптарды талқылау үшін діни бірлестіктер басшыларыныӊ ай сайынғы жиынын өткізу. Клуб мүшелерініӊ мүмкін болатын қызмет саласы діни сенім бостандығындағы, қоғамдағы рухани келісімді нығайтудағы және конфессияаралық қатынастарды үйлестірудегі Қазақстан Республикасы азаматтарыныӊ құқықтарын қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясат мәселесі бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

Клуб жұмысына Алматы қаласы діни бірлестіктері басшылығыныӊ 30-дан астам өкілдері қатысады, оныӊ ішінде 10-ы қала әкімі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеӊестіӊ мүшелері. Бұл діни беделділерден өзге мүдделі мемлекеттік органдардыӊ өкілдері кіретін Клуб және Кеӊес сынды екі еркін рухани-қоғамдық қозғалыстыӊ ажырамастығын білдіреді.

Кеӊестіӊ мақсаты біршама өзгеше. Ол діни сенім бостандығын, қоғамдағы рухани келісімді нығайтудағы және конфессияаралық қатынастарды үйлестірудегі Қазақстан Республикасы азаматтарыныӊ құқықтарын қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясат мәселесі бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге бағытталған,- деді басқарма басшысы Айдар Есенбеков.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны