20.05.2015, 19:17 7478

Алматы қаласында 1989 жылы 20 мамыр күні теміржол тұйықтамасындағы өрт сөндіру барысында қайтыс болған өрт сөндірушілерді еске алу рәсімі өтті

Салтанатты кеште гүл қою рәсімін басшылық құрам бастап, сонымен қатар Алматы қаласыныӊ өрт сөндіру гарнизоныныӊ қызметкерлері ескерткіш алдына үлкен гүл шоғын қойды. Іс-шарада өрт қарсы қызметініӊ ардагерлері мен қайтыс болған өрт сөндірушлердіӊ туыстары қатысты.

Алматы. 20 Мамыр. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 20 мамырда Алматы қаласыныӊ Төтенше жағдай департаментініӊ қызметкерлері 1989 жылы 20 мамырда болған теміржол тұйықтамасында өрт сөндіру барысында қайтыс болған өрт сөндірушілердіӊ ескерткіші алдына гүл қойды. Іс-шара 1 минут үнсіздіктен басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Салтанатты кеште гүл қою рәсімін басшылық құрам бастап, сонымен қатар Алматы қаласыныӊ өрт сөндіру гарнизоныныӊ қызметкерлері ескерткіш алдына үлкен гүл шоғын қойды. Іс-шарада өрт қарсы қызметініӊ ардагерлері мен қайтыс болған өрт сөндірушлердіӊ туыстары қатысты.

Жергілікті уақыт бойынша бұл оқиға Алматы қаласында 1989 жылдыӊ 20 мамырда кешкі сағат 19:30-да болған. Бекеттіӊ кіре беріс жолында "пропан" тұрмыстық газы толтырылған алты цистерна мен теміржол тұйықтамасында орналасқан "Казстройматериал" базасыныӊ үш жүк вагонын тартып келе жатқан маневрлік тепловоз соғысқан. Қақтығыс салдарынан үлкен өрт пайда болған. Кешкі сағат 19:36-да қаланыӊ орталық өрт сөндіру байланыс пунктіне қоӊырау шалған. Болып жатқан қайғылы оқиғаны әйел адам хабарлаған. Мықты жарылыс тек алаулап қана қоймай, газға толы басқа цистерналарды рельстерден лақтырған. Жарылыстыӊ эпицентрінде болған барлық өрт сөндірушілер қатты жарақат алған, соныӊ ішінде ішкі қызметтіӊ кіші сержанты Искаков Е.К. қатты жарақат алып, жолдастарыныӊ алдында көз жұмады. Өрт сөндіру қызметкерлері сонда да өртпен күресіп жатты. Шарипов Ф.А. және оныӊ жолдастары еӊ ауыр күйік алса да, оны жедел жәрдем алып кетпегенше ол өз тобына соӊына дейін бұйрық беріп, өртпен күресе берген. Онымен бірге өрт сөндіру күзетініӊ сарбаздары да соӊғы демі қалғанша күрескен. Бірақ өрттен алған жарақаттары сапта тұруға шыдатпады. Оқиға орнынан ауыр жарақат алған халде Ильшат Сафарғалиевті, Кұралхан Аккуловты, Михаил Маликовты, Сейл Алимтаевты, Владимир Никуленконы алып шыққан. Өрт сөӊдірушілердіӊ батырлықтары мен жанкештіліктерініӊ арқасында басқа өрт болған жоқ. Кешкі сағат 22:20-да өрт әлі де лаулап жанып жатқан, ал 21 мамыр күні сағат түнгі 1:45-те толықтай өрт сөндірілді. Орталық өрт сөндіру байланыс пунктініӊ диспетчері соӊғы жазбаны жазып алды. Өртпен жанкешерлік оқиға бірнеше уақытқа созылды. Өрт сөндірушілер бұл жағдайды жеӊеді, бірақ көптеген қызметкерлерден айырылады. Абдранов И.А., Касымов Р.А. қайтыс болды, ал басқа өрт сөндіру қызметкерлері ауыр жарақат алып жатты. Ауыр жарақат алған өрт сөндіру қызметкерлерініӊ өмірі үшін республикамыздағы мықты дәрігерлер күресті, Алматыда бүкілодақтық күйік орталығыныӊ іс-сапарындағы мамандар да күресті. Қазақ ССР Денсаулық министрлігінде жасалған үйлестіруші және жұмыс орындары күні-түні жұмыс жасады. Алматы гарнизоныныӊ жеке құралған топтары күні-түні ауруханада кезекшілікте болды және кез келген уақытта қолдан келгенді аяған емес. Сонда да қайғылы жаӊалықтарды жеткізу жалғаса берді. Ауруханада Фрид Шарипов, Ильшат Сафаргалиев, Куралхан Аккулов, Михаил Маликов, Сейл Алимтаев, Владимир Никуленко қайтыс болады.

СССР Жоғарғы Кеӊес Президиумыныӊ жарлығымен батырлық пен қайсарлықтарыныӊ арқасында күрделі өртті сөндіргендері үшін Абдранов И.А., Аккулов К., Алимтаев С.К., Искаков Е.К., Касымов Р.А., Никуленко В.В., Маликов М.И., Сафаргалиев И.Ф., Шарипов Ф.А қаза тапқаннан кейін "Қызыл Жұлдыз" орденімен марапатталды. Ал ерекше ерлігі үшін "Дербес батырлық" деген орденімен Арзиева Т.М., Голинцева О.Я., ДусенбаеваТ.М., Дуйсенбина Т., Езерского И.И., Коклягина В.Г., Меркулова В.Н., Онучина Л.М., Ромашина А.В., Свириденко С.П., Турсумбекова М.Ш. марапалталды. "Өрттегі батырлығы" үшін Алматы қаласыныӊ УПО және УВД қызметкерлерін марапаттады. Авариялық оқиғаны жоюға қатысқан барлық қызметкерлер ҚазССР Жоғары Кеӊесініӊ және респуликаныӊ ІІМ Құрмет грамоталарымен, сонымен қатар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

1989 жылдыӊ 20 мамырында болған оқиға Алматы гарнизоныныӊ өрт сөндіру қызметкерлері үшін үлгі боларлық жағдай екені ешқашан ұмытылмайды.

Алматы қаласы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны