11.11.2018, 21:51 6699

Алматы қаласында 2018 жылдыӊ 17-21 қараша аралығында 14-ші Халықаралық Шәкен Айманов Кинофестивалі өтеді

Көрермендерге арналған конкурстан тыс бағдарламаныӊ да ауқымы кеӊ. Онда дүниежүзіне танымал классикалық киноленталардан бастап ірі халықаралық кинофестивальдардыӊ жүлдегерлеріне дейін кездеседі. Сонымен қатар, қазақстандық және шетелдік киномайталмандардыӊ қатысуымен олардыӊ ретроспективасы көрсетілмекші.

Алматы. 11 қараша. Kazakhstan Today - Алматы қаласында 2018 жылдыӊ 17-21 қараша аралығында 14-ші Халықаралық Шәкен Айманов Кинофестивалі өтеді. Өзіндік тарихы бар бұл шара бүгінде елдіӊ мәдени өміріндегі елеулі оқиғаға айналғалы отыр. Оӊтүстік астанада бұл жолы бас қосатын меймандар дүниежүзініӊ түпкір-түпкірінен келмек. Шара аясында әлемдік кинематографиядағы таӊдаулы туындылар көрсетіледі. Отандық киноөндіріс саласыныӊ үлгілеріне дайындалған арнайы бағдарлама бар. Сонымен қатар түркітілдес мемлекеттердіӊ киноларына да баса назар аударылмақшы.

Шәкен Айманов ХКФ - бұл "Шәкен жұлдыздары" атты фестивальдіӊ заӊды жалғасы. Көпшіліктіӊ есінде ол жас дебютанттардыӊ туындыларын қарайтын фестиваль ретінде қалды. Жастарға бағыт-бағдар беріп, оларды қолдап, жаӊа есімдердіӊ танылуына көп үлес қосқан бұрынғы кинофестивальдіӊ ауқымы шектеулі болатын. Уақыт өте келе фестиваліміз өркендеп, құлашын жая түсуде. Мінекей, биыл ол мүлдем жаӊа форматта көрініс тауып отыр. Жаӊарған кинофестивальдіӊ басты концептуалдық идеясы - Орталық Азия жүрегі - Қазақстанда түркі әлемі кинематографистерініӊ басын біріктіру. Тарихқа көз жүгіртсек, түбі бір түркітілдес халықтар арасында мәдени байланыстыӊ тамыры ықылым замандардан жалғасып келеді. Сондықтан бұл жалғастықты жаӊа деӊгейге көтере отырып, қайта жандандыру - уақыт талабы.

Сонымен қатар, Шәкен Айманов Халықаралық кинофестивалі киноөндіріс саласында халықаралық байланыстарды дамытып, ынтымақтастықтыӊ тиімді механизмдерін жолға қоюды көздейді. Ауқымды мәдени шара аясында шығармашылық кездесулер, дөӊгелек үстелдер, конференциялар, шеберлік дәрістер ұйымдыстырылып, оған әлемдік кинематография саласында өз орны бар талант иелері қатысады.

ХКФ конкурстық бағдарламасы үш жеке бөлімнен тұрады. Оларға Шәкен Аймановтыӊ картиналарыныӊ атаулары берілген. Мысалы "Тоғысу" бөлімінде көрермен дүниежүзіне танымал толықметражды картиналарды көріп, тамашалай алады. "Атамекен" - бұл түркі халықтары фильмдерініӊ байқауы, ал "Біз осында тұрамыз" бөлімінде қазақстандық киноленталар қаралып, үздік туындыларға ҚР кинематографистер Одағыныӊ "Құлагер" ұлттық премиясы беріледі.

Көрермендерге арналған конкурстан тыс бағдарламаныӊ да ауқымы кеӊ. Онда дүниежүзіне танымал классикалық киноленталардан бастап ірі халықаралық кинофестивальдардыӊ жүлдегерлеріне дейін кездеседі. Сонымен қатар, қазақстандық және шетелдік киномайталмандардыӊ қатысуымен олардыӊ ретроспективасы көрсетілмекші.

Фестивальдіӊ президенті -КСРО Халық әртісі, отандық және кеӊестік кинематография саласында аты аӊызға айналған тұлға - Асанәлі Ишімов.

-Мұндай кинофестивальдар халыққа өте керек. Өйткені кино өнері - еӊ біріншіден халықтыӊ еншісіндегі дүние. Кинофестивальді жоғары деӊгейде абыроймен ұйымдастыратынымызға сенімім мол. Бұл қазақ киносыныӊ тарихын, оныӊ мәртебесін көтеріп, бізге өз ұстанымы бар басыбайлы ел болудыӊ жолын нұсқайды,- деді Ишімов.

Кинофестивальдіӊ бас директоры- қазақстандық танымал кинорежиссер, ҚР Кинематография Одағыныӊ төрағасы Ермек Тұрсынов.

-Біздіӊ мақсатымыз - саналы көрерменді қайтару. Біз оған қолындағы попкорнын ұмытып кететіндей кино көрсетуіміз керек. Көрерменніӊ талғамына аяқасты қарамай, онымен сапалы кинотілде сөйлескеніміз абзал. Мен шынайы өнер деп айтуға тұрарлық нағыз киноны меӊзеп тұрмын, - деді Ермек Тұрсынов өз сөзінде.

Кинофестивальдіӊ көркемдік жетекшісі - Диана Ашимова.

- Биыл біз кинофестивальдіӊ ребрендингімен айналыстық, концепциясын, атын өзгерттік. Бұрын бұл кинофестиваль, негізінен, жас кинематографистерді қолдауға бағытталған болатын, енді, бұл кез-келген жасты немесе аумақтық шекараларды талғамайтын кәсіби кинокөрмеге айналғалы отыр. Илемніӊ 90 елінен 300-ге жуық өтінім келіп түсті, соныӊ ішінен 45-ке жуық картиналар көрермендерге және халықаралық қазылар алқасына ұсынылатын болады. Үш негізгі бағдарламадан басқа, көрермендерді ірі халықаралық кинофестивальдерде жүлдегер атанған картиналар жиналған әлемдік панорама қызықтыратыны сөзсіз. Сонымен бірге, көрермендерді қазақстандық фильмдердіӊ премьералары, сондай-ақ, отандық және шетелдік кинематография шеберлерініӊ туындылары күтуде, - деді Диана Ашимова.

Фестивальдіӊ қабылдау комиссиясыныӊ төрағасы - атақты қазақстандық киносыншы, "Олег Борецкий киноклубыныӊ" негізін салушы Олег Борецкий.

- "Фестивальдіӊ халықаралық бағдарламасына қатысу үшін 53 картинадан 11-і таӊдалып алынды, оныӊ ішінде Түркия, Иран, Перу, Оӊтүстік Африка, Куба, Еуропа елдері және бір қазақстандық фильм бар. Таӊдалған фильмдер коммерциялық емес, фестивальді бейнедегі маӊызды шығармалар болып табылады", - деп түсіндірді Олег Борецкий.

Шараны ұйымдастырушы - ҚР Кинематографиястер Одағы

Құрылтайшы- ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны