24.07.2015, 23:29 3430

Алматы қаласында 500-ден аса адам "Денсаулык жолы 2015" аясындағы кеӊ көлемді акцияда АИТВ-инфекциясына тестілеуден өтті.

Астана. 24 шілде. Kazakhstan Today - АИТВ-статусын білгендер және Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы медиктерініӊ кеӊесін алғандардыӊ ішінде, "Алатау", "Байсат", "Болашақ" әмбебап базарларыныӊ кәсіпкерлері және келушілері болды. "Құлагер", "Д-Маркет", "Барлық", "Достар комерц" базарларындағы барлық қажет етушілер жаз айынныӊ соӊына дейін құпия және жасырын түрде тегін қызмет алуына болады. Акцияға қатысушыларға, сонымен қатар, АИТВ-ныӊ жұғу жолдары және инфекциядан қалай қорғану туралы ақпаратық парақшалар таратылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

- Алматы қаласы ЖИТС Орталығыныӊ бас дәрігері Талғат Бапиев - АИТВ-инфекциясына тестен өту, біріншіден, әркімніӊ өз денсаулығына және жақын адамдарына деген қамқорлығы, өз статусыӊды білуге және қажет болған жағдайда мемлекет кепілдік еткен емделуді дер кезінде бастау болып табылады деді.

Тұрғындарға қызмет көрсету орталықтарында (ТҚО) және адамдар көп жиналатын басқада орындарда, студенттерді, бизне-жүйесіндегілерді, ЖИТС Орталығы медиктері жыл бойы үздіксіз шығуды ұйымдастырып, мобильді зертхананыӊ көмегімен тетілеуден өткізіп тұрады. Нәтижесінде әр бір 12-ші алматылық өзініӊ АИТВ-статусын біледі. 2011-2015 жылдарға арналған ҚР "Саламатты Қазақстан" денсаулық сақтаудыӊ Мемлекеттік бағдарламасын жетілдіруді жүзеге асыру мақсатында "Денсаулык жолы 2015" акциясы, оӊтүстік астанада 2015 жылдыӊ 25 шілдесінен бастап өткізіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны