07.07.2018, 23:02 5915

Алматы қаласында Астананыӊ 20 жылдық мерейтойы тойланды

Жалпы алғанда, Жоспарда 103 іс-шара қарастырылды (оныӊ ішінде ғылыми-практикалық конференциялар, дөӊгелек үстелдер, мәдени және спорттық іс-шаралар және т.б.).

Алматы. 7 шілде. KazakhstanToday- Алматы қаласында Астананыӊ 20 жылдық мерейтойы кеӊ ауқымда тойланды.

Астана қаласыныӊ 20 жылдығын кешенді атап өту мақсатында қала әкімдігі 2017 жылғы 13 қарашада "Алматы қаласында Қазақстан Республикасыныӊ Елордасы - Астана қаласыныӊ 20 жылдығына дайындық және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын" (бұдан әрі - Жоспар) бекітті.

Жалпы алғанда, Жоспарда 103 іс-шара қарастырылды (оныӊ ішінде ғылыми-практикалық конференциялар, дөӊгелек үстелдер, мәдени және спорттық іс-шаралар және т.б.).

Іс-шаралар жоспары шеӊберінде 2017 жылдыӊ 24 қарашасында түркітілдес елдердіӊ қатысуымен "Бағаналы ордам - басты ордам" тақырыбына халықаралық жыршылар этно-фестивалі өтті.

2017 жылғы 10 желтоқсанда Республика сарайында Астананыӊ өсіп-өркендеуіне сәулет, білім беру, денсаулық сақтау, құрылыс, БАҚ, әдебиет, өнер, кинематография, музыка және спорт салаларында қосқан үлестері үшін 20 номинация бойынша бірқатар тұлғаларға "Астана - ардағым!" сыйлығын табыстау рәсімі өтті.

Жеӊімпаздар арнайы мүсінше, диплом және сыйақымен марапатталды. Бұл іс-шара Астана мерейтойын мерекелеудіӊ бастамасы болды.

Сонымен қатар, 2017 жылғы 15 желтоқсанда Республика Сарайында Қазақстан Республикасыныӊ Тәуелсіздік Күнін мерекелеу аясында "Астана Тәуелсіздіктіӊ жемісі" тақырыбында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара салтанатты жиналыс және мерекелік концерт форматында, сондай-ақ концерттік бағдарламаны бейнеконтенттік сүйемелдеумен өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардыӊ басшылары, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдарыныӊ өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

2017 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасыныӊ Тәуелсіздік күніне және Астананыӊ 20 жылдығына орайластырылған қазақ күресінен "Еуразия Барысы" Илем кубогы ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Астананыӊ 20 жылдық мерекесі аясында 25-26 сәуірде колледж студенттері арасында өӊіраралық "Worldskills" ұлттық чемпионаты өткізілді. Аталған жарысқа Алматы облысы мен Алматы қаласы колледждерініӊ студенттері қатысты.

2018 жылғы 8 мамырда Астананыӊ 20 жылдық мерекесі аясында Алматыда алғаш рет ұлттық спорт түрі белдесуден ашық республикалық "Халық Барысы" турнирі өтті.

Алматы қаласы Білім басқармасы Астананыӊ 20 жылдығы аясында оқу үздіктері, аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылар үшін балалардыӊ жазғы демалыстары кезеӊінде "Астанаға саяхат" экскурсиясын ұйымдастырды.

Ағымдағы жылғы 29 мамыр және 1 маусым аралығында Орталық мәдениет және демалыс саябағында "Бозторғай" Халықаралық балалар шығармашылығыныӊ ХХ мерейтойлық байқауы өткізілді. Аталған іс-шараға Қазақстанныӊ барлық өӊірлерінен, Ресейден, Болгариядан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан балалар ұжымдары келіп, жалпы 3000-нан астам адам қатысты.

Сондай-ақ, 2018 жылғы 2-3 маусымда Астана қаласыныӊ 20 жылдығын мерекелеу аясында "The Spirit of Tengri" халықаралық заманауи этникалық музыка фестивалі өткізілді. "The Spirit of Tengri" - бүкіл әлемнен "EthnoWorld" жанрындағы орындаушыларды жинайтын бірегей мәдени жобалардыӊ бірі.

Сонымен қатар, 2018 жылғы 16-17 маусымда "Star of Asia" халықаралық фестивалі "Медеу" спорт кешенінде ұйымдастырылды. Аталған фестиваль халықаралық деӊгейдегі ашық аспан астында өтетін еӊ үлкен музыкалық жоба болып саналады. Фестиваль кезінде Азия елдерінен келген қонақтар Елордамыз Астананыӊ 20 жылдығымен құттықтап, өздерініӊ ыстық лебіздерін жеткізді.

2018 жылғы 23-24 маусымда Боралдай Сақ қорғандары аумағында "Ұлы дала - көшпенділер әлемі" халықаралық этникалық фестивалі өтті. Фестивальдыӊ басты мақсаты - қазақтар мен бүкіл түркі әлемініӊ тарихи және мәдени мұрасын насихаттау, ұлттық қолөнерді, салт-дәстүрді, идеологияны, жауынгерлік өнерді жаӊғырту және мәдени алмасулар үшін платформа негізінде пайдалану.

Елордамыздыӊ 20 жылдығы аясында оқу үздіктері, аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылар үшін балалардыӊ жазғы демалысында "Астанаға саясат" экскурсиясы ұйымдастырылып, 20 маусым және 24 шілде аралығында Астана және Өскемен қалаларына жалпы саны 800 оқушы, 48 мұғалім және 16 медперсонал баруы жоспарланған. Қазіргі уақытта "Астанаға саясат" экскурсиясы барысында 200 оқушы қамтылды.

2018 жылы Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасыныӊ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында "Астана - Қазақстан тәуелсіздігініӊ символы" және "Астана - қалыптасқан мемлекеттіӊ астанасы" тақырыптарында "дөӊгелек үстелдер", қала жастарыныӊ белгілі ақын-жазушылармен, депутаттармен 3 кездесуі және 1 ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Бұдан өзге, ағымдағы жылдыӊ 24-30 шілде аралығында Астана қаласыныӊ 20-жылдығын мерекелеу аясында Астанада Алматыныӊ Мәдениет күндерініӊ өтуі жоспарланған. Іс-шаралар аясында "Сүйікті балалар - сүйікті Астанаға" атты Қазақстанныӊ барлық өӊірлері балаларыныӊ жұмыстарыныӊ үш күндік көрмесі ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, 2018 жылы "Астана - ұлы дала елордасы" байқауы" жарияланған болатын. Байқау барысында 7 номинация бойынша жеӊімпаз атанған журналистерді салтанатты марапаттау рәсімі ұйымдастырылып, әрбір номинация бойынша 1 000 000 теӊге ақшалай сыйлығы ұсынылды.

Сонымен қатар, 2018 жылғы 6 шілдеде Астана күніне арналған негізгі мерекелік іс-шара "Астана" алаӊында өтті. Мерекелік шара барысында қазақстандық эстрада жұлдыздары Астана туралы әндерді орындады.

Іс-шараныӊ өткізілу барысына кеӊінен ақпараттық қолдау көрсету мақсатында Басқарманыӊ, қалалық бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ ресми сайттарында байқаудыӊ өткізілуі туралы бейнеролик орналастырылып, әлеуметтік желіде белсенді түрде таратылды.

Елорданыӊ 20 жылдығын мерекелеудегі басты ерекшеліктердіӊ бірі әрі бірегейі Астана бүлдіршіндеріне арнап салынған балабақшаныӊ сыйға тартылуы болды. Астана күніне орай ашылған балабақша бір мезетте 240 баланы қабылдайтын болады.

Алматы қаласында Астана қаласыныӊ 20 жылдығын кешенді атап өту аясындағы іс-шараларға қала басшылығы, Мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеӊес мүшелері, этномәдени бірлестіктердіӊ және үкіметтік емес ұйымдардыӊ өкілдері мен қала жастары қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны