16.09.2018, 00:45 6362

Алматы қаласында "Бақытты отбасы" тақырыбында іс-шаралар өткізілді

2018 жылдыӊ қыркүйек айыныӊ 9 мен 11 аралығында Алматы қаласында "Бақытты отбасы" тақырыбында әртүрлі ұйымдар мен оқу орындарында іс-шаралар өткізілді деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Алматы. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ қыркүйек айыныӊ 9 мен 11 аралығында Алматы қаласында "Бақытты отбасы" тақырыбында әртүрлі ұйымдар мен оқу орындарында іс-шаралар өткізілді деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Жарлығымен "Отбасы күні" мерекесі қыркүйек айыныӊ екінші жексенбісі күні тойланады. Оныӊ мақсаты - жанұялық құндылықты нығайту.

Іс-шара барысында Медеу ауданы әкімшілігі, "Родник" әлеуметтік-психологиялық сауықтыру және бейімделу орталығы және полицияныӊ қоғамдық көмекшілерімен бірлесіп "Алма" сауда орталығында, "Орталық базарда" жұмыс жасайтын қызметкерлерге, қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, "Құлдыққа қарсымыз", ҚР тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заӊы бойынша буклеттер таратылды.

Іс-шара соӊында Медеу ауданы АХАЖ бөлімі қызметкерлерімен кездесу өткізіліп, отбасын құрып жатқан жанұяларды "Отбасы күнімен" құттықтап, естелік сувенирлер табысталды.

"Отбасы күні" мерекесі қаланыӊ барлық ауданында атап өтілді.

Алматы қаласы Бостандык ауданында Ил-Фараби атындағы ҚазҰУ маӊындағы саябақта отбасы күніне арналған "Сәлем көршілер!" тақырыбында табиғат аясындағы отбасылық демалыс мерекесі өтті.

"Сәлем, көршілер!" атты серуенге шыққан отбасыларға арнап музыка, фуд-корттар және көркемсурет шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылардыӊ айтуынша, саябақтағы серуен өткізіліп жатқан орын бірнеше аймаққа бөлінген. Қала тұрғындарыныӊ игілігі үшін мұнда мәдени-интеллектуалдық шаралар, түрлі тақырыбта шеберлік сабақтары өткізілді. Саябаққа орнатылған арт-нысандар демалушылардыӊ ерекше назарын аударды. Көркем мүсіндерді Беларусь, Тәжікстан, Қырғызстан елдерінен келген шеберлер қала тұрғындарыныӊ көз алдында салды. Олар шара аяқталған соӊ саябақта қалады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны