04.07.2018, 17:30 8996

Алматы қаласында "Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл: талдау, алдын алу, оӊалту" тақырыбында республикалық семинар-тренинг өтті

Бағдарламаныӊ соӊғы бөлімінде барлық келушілер үшін Алматы қаласындағы тарих мұражайына, Д.А. Қонаев мұражайына, "Көк-төбе саябағы" ойын-сауық орталығына және биік таулы "Медеу" мұз айдынына экскурсия болды.

Алматы. 4 шілде. Kazakhstan Today - Алматы қаласында "Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл: талдау, алдын алу, оӊалту" тақырыбында республикалық семинар-тренинг өтті.

2018 жылғы 28-29 маусымда "Holiday Inn" халықаралық қонақ үйінде және "Қазақстан" қонақ үйінде республикалық семинар-тренинг өтті, оған 14 облыстыӊ және республикалық манызы бар қалаларыныӊ Дін істері жөніндегі басқарма басшылары және соларға бағынышты ведомстволық ұйым басшылары, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы ғылым және білім мекемелеріндегі діни саладағы жетекші сарапшылар қатысты.

Бұл іс-шара Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасыныӊ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында "Social Development Center" қоғамдық қорыныӊ ұйымдастыруымен өткізілді.

Осындай ауқымды дін тақырыбына арналған семинарлар өткізудіӊ өзектілігі мемлекет саясатындағы діни саланы іске асыратын мемлекеттік орган өкілдерініӊ біліктілігін арттыруын қамтамасыз ету болып табылады. Өйткені, Қазақстанда соӊғы жылдары дін мәселелеріне қатысты бірқатар стратегиялық және тұжырымдамалық құжаттар қабылданған белгілі. Соӊдықтан тренингтіӊ мақсаты мен міндеті мемлекет саясатындағы діни саладағы орталық және жергілікті атқарушы орган жұмысшыларын оқыту, және де діни экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша өзекті сұрақтар айналасында тәжірибе алмасу.

Алдына қойылған міндеттерді тиімді іске асыру мақсатында семинар-тренинге қатысу үшін жетекші мамандар мен сарапшылар шақырылды. Президиум мүшелерініӊ арасында Алматы қаласы әкімініӊ орынбасары - А.О. Қырықбаев, ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Б.С. Арын, Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігі секторыныӊ меӊгерушісі Ғ.Н. Шойкин, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігініӊ Экстремизмге қарсы күрес басқармасыныӊ бастығы - А.Ғ. Арыстанов және де Алматы қаласы Дін істер жөніндегі басқарма басшысы А.Р. Есенбеков сияқты спикерлер болды.


Алматы қаласы әкімініӊ орынбасары А. Қырықбаев өз сөзінде:

"Елімізде дін саласына жауапты және діни экстремизммен күрес бағытында қызмет етіп келе жатқан мекемелердіӊ басшылары және жауапты мамандарыныӊ тәжірибе алмасу үшін Алматы қаласында басқосуы маӊызды оқиға деп білеміз. Осындай шараныӊ өтуі барша қатысушылар үшін пайдалы болатыны анық. Ирбір облыстыӊ діни жағдайы әртүрлі, өзіндік ерекшеліктері бар. Соған сай экстремизммен күрес және оӊалту бойынша жинақталған тәжірибеге ие. Міне сол тәжірибені орта салып, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылса семинарымыз нәтижелі болары анық", - деп атап өтті.

ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Б.С. Арын семинар барысында:

"- Бүгін мұнда Қазақстанныӊ барлық өӊірлерінен Дін істері жөніндегі басқарма, сондай-ақ Дін проблемаларын зерттеу орталық басшылары жиналды. Бүгінгі шараныӊ мақсаты - біріншіден, бар мәселелерді талқылау. Екіншіден, әр облыста өзініӊ меншікті тәжірибесі бар, өзініӊ әзірленген әдістері бар. Біз оларды зерттеп, бөлісіп, басқа аймақтарға үздік әдістемелерді енгізу мүмкіндіктерін зерттегіміз келеді"- деп атап өтті.

Осындай қорытындыға Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігініӊ сектор меӊгерушісі Ғ.Н. Шойкин да келді:

- Тығыз жұмыс тек онлайн режімінде болмауы керек, бір-бірінмен көрісуіміз, тәжірибе алмасуымыз, бір-біріне діни саясатта жаӊа тәсілдерді үйрету үшін жиі кездесуіміз қажет. Өйткені әрбір өӊірде жалпы тиімді жұмыс үшін біріктіре алатын жақсы тәсілдер бар.

Семинар іс-шаралары: бірінші күні - пікірталас пен тренингтер, екінші күні - семинар қатысушыларға шеберлік-класстар мен мәдени бағдарлама форматында ұйымдастырылды.

Жаттықтырушылар мен оқытушылар республикалық теологтар мен саясат қайраткерлері, тәжірибелі спикерлер мен ғалымдар болды, олардыӊ арасында: философия ғылымдарыныӊ докторы, профессор - А.Г. Косиченко, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясыныӊ корреспондент-мүшесі, философия докторы - Н.Л. Сейтахметова, PhD докторы, рационалистік теология саласындағы маман - Р.А. Челидзе және "Ансар" консультативті-реабилитациялық орталығыныӊ директоры - А.К. Сабдин.


Павлодар қаласы Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығыныӊ директоры Г.М. Раздыкова айтуынша:

"Мұндай конструктивтік семинарларды өткізу өте пайдалы, өйткені біз бәріміз өз өнірлерімізде "басқалармен байланыспай өмір сүреміз", бірақ бүгін, мұнда және қазір кімніӊ не істейтінін көреміз".

Республикалық семинардыӊ екінші күні мастер-кластар мен тренингтерге толықтай арналды. Барлық қатысушыларды тіркеп, екінші күнніӊ бағдарламасымен таныстырған соӊ, микрофон: "Білім" оқу-мәдени орталығыныӊ директоры - Р.С. Иржанов, "First Coach" кәсіби спикерлерді дайындау орталығыныӊ негізін қалаушы - А. Қанатов, саясаттанушы - А.И. Сарым, "Эксклюзив" журналыныӊ шолушысы, саясаттанушы - Р. Жұмалы сияқты сарапшылар қолына өтті.

Іс-шараныӊ ресми жабылуы, семинардыӊ екі күнін де қорытындылау мен семинарға қатысушыларға, Алматы қаласыныӊ Дін істер жөніндегі басқарма басшысы А.Р. Есенбеков сертификаттарды салтанатты тапсыру арқылы аяқталды.

Бағдарламаныӊ соӊғы бөлімінде барлық келушілер үшін Алматы қаласындағы тарих мұражайына, Д.А. Қонаев мұражайына, "Көк-төбе саябағы" ойын-сауық орталығына және биік таулы "Медеу" мұз айдынына экскурсия болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны