27.10.2016, 11:23 2892

Алматы қаласында Инсультпен дүниежүзілік күресу күніне арналған іс-шара өткізіледі

Алматы қаласында Инсультпен дүниежүзілік күресу күніне арналған іс-шара өткізіледі

Алматы. 27 қазан. Kazakhstan Today - 2016 жылғы 29 қазанда Алматы қаласында № 4 Қалалық клиникалық ауруханада Инсульт проблемаларын үйлестірудіӊ республикалық орталығыныӊ (ИПҮРО) жетекшілігімен және "Help" инсультпен ауыратын науқастарға көмек қоры" ҚҚ бірге Инсультпен дүниежүзілік күресу күніне арналған іс-шара өткізіледі, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Жетекші маман - невропатологтар, инсультологтар, нейрохирургтар, реабилитологтар және де басқалар, сонымен қатар шақырылған спикерлер: ҚРДСжИДМ Медициналық көмекті ұйымдастыру Департаментініӊ директоры Б.С. Байсеркин, "Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ Басқарма Төрағасы, м.ғ.д., профессор Акшулаков С.К., Алматы қаласы бойынша ДСБ жетекшісі, м.ғ.д., профессор Ахметов В.И., Алматы қаласы № 4 ҚКА Бас дәрігері, м.ғ.к. Сейдуманов М.Т., "Алматы қалалық СӨСҚО" ЖШС басшысы Адишанова Ж.М., жақын шетелдерден шақырылған спикерлер:Татарстан Республикасы ДСМ Штаттан тыс бас рентгенхирургі, м.ғ.к. Володюхин М.Ю., Халықаралық медициналық оӊалту академиясыныӊ басшысы Бурмистров А.Л. Ресей, Мәскеу қаласы, Қазақстан Республикасындағы инсульт қызметініӊ жағдайы және оны дамыту жолдары, инсульт алған науқастардыӊ профилактикасы мен оӊалту туралы маӊызды сұрақтарды талқылайды, сонымен қатар инсультты емдеудіӊ иннновациялық әдістерініӊ соӊғы әзірлемелерімен бөліседі.

Аталған іс-шара аясында жоспарлануда:

И Алматы қаласыныӊ тұрғындары үшін Ашық есік күні: невропатолог, кардиолог, терапевт және реабилитологтардыӊ тегін консультациясы; қандағы қант және жалпы холестеринніӊ тегін талдаулары.

И Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығыныӊ қызметкерлерін, еліміздіӊ және жақын шетелдіӊ жетекші реабилитологтарыныӊ қатысуымен науқастармен кездесу. "Инсульт алған науқастарды үйде оӊалтудыӊ өзекті сұрақтары", "Қалыпты азық-түлік кәрзеӊкесінен "Пайдалы тағамды" қалай алуға болады". Азық -түліктердіӊ үйлесімділігі" және т.б. дәрістер оқу. Сонымен қатар инсульт алған, мұқтаж науқастарға осы күні мүгедек арбалары, жүру арбасы, ойық жараға қарсы матрастар табысталады.

И ҚР және жақын шетелдіӊ жетекші невролог, инсультолог, нейрореаниматолог, нейрохирург, рентгенхирург және реабилитологтарыныӊ қатысуымен ғылыми-практикалық конференция.

И "Инсультпен дүниежүзілік күресу күніне" арналған баспасөз-конференциясы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны