19.01.2015, 15:43 3747

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметініӊ Искери кеӊесі болып өтті

Искери кеӊес мүшелері 2014 жылғы әскери-жауынгерлік қызметтегі табыстар, материалдық-техникалық қамтамсыз етілу барысы және әскери тәртіп мәселесіне кеӊінен тоқталды.

Алматы. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметініӊ Искери кеӊесі болып өтті. Оған ҚР ҰҚК Төрағасы Нұртай Ибіқаев қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Искери кеӊес барысында "Семей" шекаралық жеке бақылау әскери бөліміне жауынгерлік ту тапсырылды.

Искери кеӊеске төрағалық еткен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасыныӊ орынбасары - Шекара қызметі директорыныӊ міндетін уақытша атқарушы полковник Дархан Ділманов әскери кеӊес мүшелерін күн тәртібімен таныстыра келе, былтырғы жылы қол жеткізген негізгі табыстарға тоқталды.

Искери кеӊес мүшелері 2014 жылғы әскери-жауынгерлік қызметтегі табыстар, материалдық-техникалық қамтамсыз етілу барысы және әскери тәртіп мәселесіне кеӊінен тоқталды.

Атап айтқанда, былтырғы жылы шекарашылар қызметінде контрабанданы анықтау, есірткіні ұстау деректерініӊ жиілегендігі айтылды. Өткен жыл ішінде 24 000 астам құқықбұзушылық анықталыпты. Жүктерін контрабандалық жолмен өткізуге тырысқан 673 дерек тіркеліпті. Ал тәркіленген жүктердіӊ салмағы 2 000 тоннаны құрайды. 1,5 тоннаға жуық есірткі заттары тәркіленген, оныӊ 96,8 килосы "героин".

Каспий теӊізінде арнайы сауықтыру іс-шаралары өткізіліп, оныӊ барысында 144 жүзу құралдары, 4 000 дана бекіре балығы, 1 000 дана бекіре тұқымдас балықтар, 200 шақырымға жуық қармақты құралдар, 280 шақырым ау құралдары тәркіленген.

Аталған заӊ бұзушылықтар бойынша 190 қылмыстық іс қозғалыпты, сол бойынша 10394 азамат айыппұл жазасына кесілген. Жалпы салынған айыппұлдыӊ сомасы 168 млн. 888 мыӊ теӊгені құрайды.

Шекара қызметін қару-жарақ, техника құралдары және басқа да арнаулы құралдармен жабдықтау ісі жалғастырылды.

Оныӊ ішінде "Ан-74Т-200А" ұшағы, "Ми-171Ш" деп аталатын 2 бірдей көліктік әскери тікұшақ сатып алынған. 9 әуе кемесі заман талабына сай жөнделіп, жаӊғыртылды. Осыныӊ нәтижесінде, түнгі көру құарлдары арқылы түнгі барлау жұмыстарына шығуға мүмкіндік ашылды. Авиацияныӊ тасымалдау қуаты да артты.

Каспийдегі теӊіз шекарасын күзету ісіне "Айбар" жобасы бойынша жасалған кеме пайдалануға берілгендігін ерекше атап өткен жөн.

Шекарашылардыӊ автопарк қызметі де айтарлықтай жаӊартылды. 477 дана автомобиль мен инженерлік-жол техникалары сатып алынды.

Медициналық қызмет көрсету ісін жақсарту мақсатында былтырғы жылы рентгенологиялық және стоматологиялық кешендер алынды.

- Өткен жыл геосаяси және әлемдік экономика саласында өзгерістерге толы болды. Жаӊадан қауіп-қатер аймақтары пайда болды. Террористік және экстремистік ұйымдар тарапынан қауіп-қатер көбейді. Аталған қауіп-қатерлерге тойтарыс беру қажеттігі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" атты Жолдамасында нақты айтылған. Елбасыныӊ тапсырмасын орындау үшін барлық күш-жігерімізді біріктіруіміз керек. Шекара қызметі Ұлттық қауіпсіздік комитетініӊ құрамдас бөлігі болып табылады, сондықтан атқаратын міндеттері де ортақ, ол - еліміздіӊ ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы міндетті орындау жолында барлықтарыӊызға табыс тілеймін, - деп атап өтті өз сөзінде ҰҚК төрағасы Нұртай Ибіқаев.

Кеӊес барысында үздік шекара отрядтары, үздік заставалар және үздік шекарашылар анықталып, марапатталды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны