22.08.2018, 21:55 8623

Алматы қаласында "Меніӊ таӊдауым - балаларға көмек көрсету!" ұранымен "Мектепке жол" акциясы жалғасуда

Қазіргі таӊда "Мектепке жол" акциясы аясында мектеп және спорттық формасы, оқу құралдары мен рюкзактар түрінде 500-ге жуық балаға көмек көрсетілді.

Алматы. 22 тамыз. Kazakhstan Today - Жаӊа 2018-2019 оқу жылы қарсаӊында Алматы қаласында биылғы жылы 1 тамыздан бастап 30 қыркүйек аралығында "Меніӊ таӊдауым-балаларға көмек көрсету!" ұранымен "Мектепке жол" жыл сайынғы жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан және қиын өмірлік жағдайдағы балаларға қолдау көрсету бойынша белсенді жұмыс жалғасуда.

Акцияныӊ мақсаты мектеп жасындағы балаларды толық білім және тәрбиемен қамту, сонымен бірге балалардыӊ мектепке әлеуметтік себептерге байланысты келмеуініӊ алдын алу болып табылады.

Азаматтардыӊ өтініштеріне жедел жауап беру және оларға консультативті көмек көрсету мақсатында барлық білім беру ұйымдарында және аудандардыӊ білім бөлімдерінде "жедел желі", сенім телефондар және қоғамдық қабылдаулар жұмыстары ұйымдастырылды. Алматы қаласыныӊ Білім басқармасында акцияныӊ басынан бастап 272-11-00 сенім телефоны ұйымдастырылып, азаматтардан 50-ден астам қоӊыраулар түскен.

Акция аясында құқық қорғау органдарымен бірлесіп, рейдтік жұмыстар жүргізілуде және мектепке дайындық кезінде балаларға көмек көрсетуге дайындықтарын білдірген демеушілер және меценаттармен белсенді жұмыс ұйымдастырылуда.

Акцияға демеушілер ретінде белсенді қатысқандардыӊ ішінде "Нұр Отан" партиясыныӊ Алматы қалалық филиалы, Иуезов және Бостандық аудандарыныӊ әкімдіктері, жеке кәсіпкерлер, бизнестіӊ өкілдері, ата-аналар қауымдастығы, мектептердіӊ педагогикалық ұжымдары және басқаларын атауға болады.

Қазіргі таӊда "Мектепке жол" акциясы аясында мектеп және спорттық формасы, оқу құралдары мен рюкзактар түрінде 500-ге жуық балаға көмек көрсетілді.

"Мектепке жол" акциясы одан әрі жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны