11.08.2015, 18:05 3599

Алматы қаласында селдіӊ салдарын жою жұмыстары жалғасуда

Алматы қаласыныӊ Наурызбай, Алатау және Иуезов аудандарында төтенше жағдайдыӊ салдарын жою жұмыстары кезінде 263, 5 мыӊ текше метр лай-тас массасы шығарылды. Наурызбай ауданында ұзындығы 5-тен аса шақырым Қарғалы өзенініӊ зақымдалған жағасын бекіту және тазалау жұмыстары жүргізіліп, №187 мектеп жертөлесін тазарту жұмыстары жалғасуда

Алматы. 11 Тамыз. Kazakhstan Today - Алматы қаласыныӊ Наурызбай, Алатау және Иуезов аудандарында төтенше жағдайдыӊ салдарын жою жұмыстары кезінде 263, 5 мыӊ текше метр лай-тас массасы шығарылды. Наурызбай ауданында ұзындығы 5-тен аса шақырым Қарғалы өзенініӊ зақымдалған жағасын бекіту және тазалау жұмыстары жүргізіліп, №187 мектеп жертөлесін тазарту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Республикалық жедел-құтқару жасағыныӊ және Алматы қаласыныӊ құтқарушылары құлап қалу қаупі бар 119 аппатық ағашты кесіп шығарды. Коммуналдық қызметтер тұрғындарды сумен қамтамасыз ету бойынша авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Тұрғын үйлер толықтай табиғи газбен қамтамасыз етілді. Күн сайын тұрғындарға ауыз су және тұрмыстық қажеттілік үшін техникалық су жеткізіледі. "Казселденқорғау" ММ сел қорғау құрылыстарыныӊ торларын қоқыстан тазалау бойынша жұмыстар жалғасуда.

Сел ағыныныӊ салдарын жою жұмыстарына Алматы қаласы ТЖД және ІІД, Республикалық жедел-құтқару жасағыныӊ, Апаттар медицинасы орталығыныӊ, "Қазселденқорғау" ММ, "Қазавиақұтқару" АҚ, ҚР ІІМ Ұлттық ұланыныӊ, қалалық коммуналдық қызметтердіӊ, азаматтық қорғау қызметтерінен жалпы саны 1133 адам және 198 бірлік техника жұмылдырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны