12.09.2018, 23:15 4527

Алматы қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердіӊ жастар форумы аясында Қазақстан-Ресей жастарыныӊ ынтымақтастығы күні өтті

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердіӊ жастар форумы 2018 жылдыӊ 14 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Алматы. 12 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 12 қыркүйекте Алматы қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердіӊ жастар форумы аясында Қазақстан-Ресей жастарыныӊ ынтымақтастығы күні өтті. Қазақстан және Ресей жастары екі жақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

Іс-шара екі елдіӊ жастар ұйымдары арасында өзара қарым-қатынасты күшейту, тәжірибе алмасу, сондай-ақ әлеуметтік маӊызы бар жобаларды жүзеге асыру саласында ынтымақтастықты талқылау мақсатында өткізілді.

Форум қатысушылары алдында Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігініӊ Жастар және отбасы істері комитеті төрағасыныӊ міндетін атқарушы А. Оралов, Жастар істері жөніндегі федералды агенттігі халықаралық қызмет бөлімініӊ басшысы Д. Иванов, Алматыдағы Ресей Федерациясыныӊ Бас консулдығыныӊ басшысы С. Семенов сөз сөйледі.

А. Оралов өз сөзінде Ресей мен Қазақстанныӊ одан әрі стратегиялық дамуы аясында мемлекеттік жастар саясатыныӊ маӊызды орын алатынын атап өтті.

"Жастарды қалыптасу және даму кезеӊінде қолдау, жас ұрпақтыӊ қоғамда белсенді болуына жағдай жасау - маӊызды мемлекеттік міндет. Заманауи экономикалық және саяси жағдайлар еліміздіӊ жастарына өздерініӊ тиімді бастамалары мен шығармашылығын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызды. Жастар саясаты мен азаматтық қоғамды дамытудағы волонтерлердіӊ үлесін атап кеткен жөн, сондай-ақ әріптестерімді Ресейдегі еріктілер жылымен құттықтағым келеді", - деді А. Оралов.

Сонымен қатар, Жастар және отбасы істері комитеті төрағасыныӊ міндетін атқарушы қатысушыларды екі жақты ынтмақтастықты дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыспен таныстырып өтті.

"Жергілікті атқарушы органдар деӊгейінде өзара іс-қимылдыӊ тиімді үлгілері бар. Қазақстанмен шекаралас облыстарда жастар форумдары, слеттер, конференциялар өткізіледі. Жетекші республикалық жастар ұйымдары Ресейлік жастар одағымен, Жас ұланмен, Жастар қоғамдық палатасымен, Ресейлік студенттік жасақтармен өзара қарым-қатынас орнатқан", - деді А. Оралов.

Іс-шара барысында жастар ұйымдары өкілдері, волонтерлер, жас мамандар, студенттер қатарынан қатысушылар жобалармен таныстырып, туризм, волонтерлік, жастар кәсіпкерлігі салаларындағы тәжірибесімен бөлісті.

"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығыныӊ директоры Т. Қалиев және Посткеӊестік кеӊістікте қоғамдық-саяси үрдістерді зерделеу жөніндегі ақпараттық-талдамалық орталығыныӊ бас директоры

Д. Чижова ынтымақтастықты дамыту перспективалары жөнінде ұсыныстарын айтты.

Бұдан бөлек, іс-шара аясында Қазақстан және Ресей жастар ұйымдарыныӊ:Қазақстан жастарыныӊ Конгрессі, Жастардыӊ іскерлер кеӊесі Ресей Федерациясыныӊ Жастар үкіметтері қауымдастығымен және Татарстан Республикасыныӊ Жастар үкіметі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою рәсімі өтті.

Ресей Федерациясы делегациясыныӊ құрамында 36 адам - мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдарыныӊ өкілдері, волонтерлер, жастармен жұмыс істейтін мамандар, жас кәсіпкерлер, студенттер бар.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердіӊ жастар форумы 2018 жылдыӊ 14 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны