02.08.2018, 17:57 4143

Алматы қаласында үздік әлеуметтік жобалар байқауыныӊ жеӊімпаздары марапатталды

Нәтижесінде бас жүлде "Өзін-өзі жетілдіру үйі" жобасымен әлеуметтік көмек көрсету орталығыныӊ ұжымына бұйырды. Жоба авторы - Дәнипа Ысқақова, Алматы қаласы №1 әлеуметтік көмек көрсету орталығыныӊ директоры.

Алматы. 2 тамыз. KazakhstanToday - Алматы қаласында 31 шілдеде "Қазақстанныӊ үздік әлеуметтік жобалары" байқауыныӊ аймақтыӊ кезеӊініӊ қатысушыларына құрмет көрсету және байқау жеӊімпаздарын марапаттауға арналған салтанатты шара болып өтті, деп хабарлайды KazakhstanToday.

"Мүгедектердіӊ, егде адамдардыӊ және басқаларыныӊ тұрмысын жақсартуға бағытталған әлеуметтік жобаларға қолдау көрсету тек қана әлеуметтік бағдарлы мекемелердіӊ ғана емес, бүкіл мемлекеттік саясаттыӊ басым бағыты. Кейінгі кездері қалада халықтыӊ әлеуметтік тұрғыда аз қорғалған топтарын қорғауға бағытталған бағдарламаларды дамыту үшін көп іс тындырылып жатқанын айта кеткен жөн. Айталық, Алматы қаласыныӊ әкімі өткен жылды жастар жылы деп жариялады. Бастама шеӊберінде жастар орталығы мен коворкинг орталығы, еріктілер қозғалысыныӊ орталығы, жас суретшілер орталығы, жастардыӊ ресурстық орталығы, жатақханаларды басқару орталықтарыныӊ бөлімдері және ауыл жастарымен жұмыс жөніндегі орталықтар құрылды. Сондай-ақ, әкімдіктіӊ жанында және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, психоневрологиялық ауруларға шалдыққан, яғни, жүйке жүйесі сыр берген азаматтардыӊ өздігінше өмір сүруіне арналған үйлер ұйымдастырылды. Тұрмыстық қатігездік оқиғалары құрбандарына көмек көрсетуге арналған дағдарыс орталықтары ашылды. Жыл санап үкіметтік емес ұйымдар арқылы көрсетілетін әлеуметтік қызметтердіӊ қатары артып келеді. Үкіметтік емес ұйымдардыӊ өздерініӊ саны 6-дан 10-ға жетті. Қарт адамдардыӊ проблемаларына жұртшылық назарын аудару, олардыӊ тауқыметтерін шешу және олардыӊ тұрмыстық деӊгейін көтеру мақсатында ағымдағы жыл қарттар жылы деп жарияланды. Тиісті жол картасы бойынша маусым айыныӊ аяғында әкімніӊ өзі қарт адамдарға арнап осы орталықты ашқан болатын. Қазір Белсенді ұзақ ғұмыр орталығы барынша танымал болды. Алматы қаласыныӊ зейнеткерлеріне арнап кітапхана, йога және аэробикамен шұғылдануға арналған фитнес зал ашылды. Шахмат және тоғыз құмалақ, домино ойнау залдары бар. Бірлесіп фильмдер көру, компьютерлік сауаттылық, смартфонмен жұмыс істеуге үйрету, қазақ және ағылшын тілдерін үйрену мүмкіндіктері туды. Тегін заӊгерлік, психологиялық, медициналық ақыл-кеӊес беру жағы жолға қойылды. Мотивациялық семинарлар мен мамаларға арналған сыныптар әредік ұйымдастырылып отырады. Тұтастай алғанда, жол картасына сәйкес қала тіршілігініӊ барлық салаларына белсене араластыру және белсенді өмір сүруге тарту үшін 100-ден астам спорттық және мәдени бұқаралық іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Мәселен, олардыӊ арасында дарын иелерініӊ байқауы, "Алматы - сүйікті қала" фотокөрмесі, сондай-ақ, зейнеткерлерге арнап арнаулы бос жұмыс орындарыныӊ жәрмеӊкелерін өткізу жоспарда бар", - деді Алматы әкімініӊ орынбасары Мұрат Дәрібаев.

Мегаполисте қоғамдық және мүгедектер ұйымдарыныӊ атынан 18 ұжым бақ сынаған. Олардыӊ өтініштері сәуір мен маусым айлары аралығында қабылданыпты.

Нәтижесінде бас жүлде "Өзін-өзі жетілдіру үйі" жобасымен әлеуметтік көмек көрсету орталығыныӊ ұжымына бұйырды. Жоба авторы - Дәнипа Ысқақова, Алматы қаласы №1 әлеуметтік көмек көрсету орталығыныӊ директоры.

Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек қолын созатын "Ел Назы" және "Еріктілер қозғалысы әлемді өзгертеді" жобалары да екінші және үшінші орын марапаттарын қанжығаларына байлады. Мәселен, бірінші орынға 1 миллион теӊге ақшалай сыйақы берілсе, екінші орынға 700 мыӊ, үшінші орынға 500 мыӊ теӊге табыс етілді.

Дәнипа Ысқақова былай дейді: "Жүлде қорына тағайындалған 1 миллион теӊгені өз жобамызды жетілдіруге жұмсаймыз. Арнайы дамыту мектебін ашу арқылы көздегеніміз - өздігінше өмір сүру қалыбын қалыптастыру".


Жобаныӊ мақсаты - 18 жастан асқан, психоневрологиялық ауруларға шалдыққан азаматтарды дербес өмір сүруге әзірлеу.

"Біздіӊ жобамыздыӊ жеӊіске жеткеніне қуаныштымыз. Бұл Қазақстанда жүзеге асырылып отырған үздік әлеуметтік жоба. Өткен жылы біз "Өздігінше өмір сүруге арналған үй" аштық. Бұл әлеуметтік қызмет көрсетуді модернизациялау мақсатын көздейді. Біздіӊ арнаулы қызмет көрсету орталығымызда қазір психоневрологиялық ауруларға шалдыққан 18 жастан жоғары 700-ге жуық адам тұрады. Өткен жылдыӊ мамыр айында қоғамдық бірлестіктер, әлеуметтік қызмет көрсетуші мамандар мен еріктілер зерттеу жүргізді. Нәтижесінде біздіӊ орталықта тұратын азаматтардыӊ 30%-ы өздігінше өмір сүре алатыны анықталды. Осы мақсатта біз "Өздігінше өмір сүруге арналған үй" аштық. Бір жылда қол жеткізген нәтижеміз оӊды. Олардыӊ тіпті сыртқы келбеттері өзгеріп шыға келді. Бүгінгі күні 5 адам мемлекеттік мекемеде, үй тұрғындарыныӊ қалғандары "Нұрлан" ЖК-де шарт бойынша жұмыс істеуде, Алматы қаласы мен Алматы облысындағы мүгедектерге арнап киімдер тігеді. Олар қоғамға кірікті деуге болады. Мұндай жобалардыӊ маӊызы зор және дәл осындай жобалар қажет, өйткені бүгінгі күні елімізде аса ірі интернат-үйлер көп. Бізде 20 мен 45 жас аралығындағы азаматтар өмір сүреді", - деді Дәнипа Ысқақова.


"Өмір көрсетіп отырғандай, алдымен арнайы дамыту мектебінен өтіп барып, сосын ғана өзіндігінен өмір сүруге болатыны анықталды. Жобаға қатысқан 20 адамды қадағалап зерттей келе оларды алдымен өмірге дайындау керек деген тұжырымға келдік. Өйткені, өздігінен өмір сүре бастаған бастапқы сәтте ондай жандар ақшаныӊ, науқанныӊ, жеӊілдіктіӊ не екендігін түсіне бермейтіні байқалды. Біз оларды математика, география пәндеріне оқытып, дұрыс өмір сүруді үйретеміз. Оларды қоғамға кіріктіреміз және қоғамға пайда келтіруге баулитын боламыз", - деді ол.


Шараныӊ бастамашысы болған - "Нұр Отан" партиясыныӊ Алматы қалалық филиалыныӊ, Алматы қаласы әкімдігініӊ, қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасыныӊ өкілдері.

Шарапатты шараныӊ мақсаты - тағдырдыӊ тауқыметін тартып, қиын жағдайға тап болған адамдардыӊ түрлі әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған бастамалы әлеуметтік жобаларға қолдау көрсету болып табылады.

Байқау комиссиясыныӊ құрамына "Нұр Отан" партиясыныӊ Алматы қалалық филиалыныӊ, мемлекеттік органдардыӊ, үкіметтік емес ұйымдардыӊ, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасыныӊ өкілдері, әкімніӊ мүгедектер мәселелері жөніндегі кеӊесшісі енді.

Байқаудыӊ жеӊімпазы болу атағы үшін сайысқа шаһардағы қайырымдылықпен айналысатын барлық қоғамдық ұйым өкілдері, мүгедектердіӊ ұйымдары, халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға басты іс-қызметі бағытталған ұйымдар мен мекемелердіӊ өкілдері қатысты.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны