21.10.2018, 15:22 8016

Алматы қаласында "ЖасSTAR" халықаралық фестивалі басталды

Фестивальдіӊ негізгі міндеті - жастар арасында мәдениетті дамытуға ықпал ету, сондай-ақ жастардыӊ және дарынды жастардыӊ шығармашылық жағынан өсуіне көмек көрсету болып табылады.

Алматы. 21 қазан. Kazakhstan Today - Алматы қаласында 2018 жылғы 19 қазанда "ЖасSTAR" халықаралық фестивалі басталды.

Бұл шығармашыл жастар үшін жылдыӊ еӊ маӊызды оқиғасы болып табылады. Ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Тұӊғыш Президенті - Елбасыныӊ Қоры болып табылатын мәдени іс-шара тоғызыншы рет өткізілді және ол жыл сайын бірнеше шығармашылық бағыттарды қамтуға тырысады.

Биылғы жылы Шығармашыл жастардыӊ"ЖасSTAR" халықаралық фестивалі өзініӊ диалог алаӊына барлық әсемдікті сүйетіндерді және өмірін өнерге қызмет етуге арнағандарды жинады.

Фестиваль өнертанушыларды біріктіру, дарындарын шыӊдау, сондай-ақ мәдениаралық өзара іс-әрекет етуді дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр. Қазақстандық өнер қайраткерлерімен қатар шетелдік өнер қайраткерлері өздерініӊ білімдерімен бір мезгілде бірнеше алаӊда бөлісті.

Фестивальдіӊ негізгі міндеті - жастар арасында мәдениетті дамытуға ықпал ету, сондай-ақ жастардыӊ және дарынды жастардыӊ шығармашылық жағынан өсуіне көмек көрсету болып табылады.

"ЖасSTAR" фестивалі 2018 жылғы 19 қазаннан бастап 28 қазанға дейін өтеді. Ұйымдастырушылар бұл жолы қатысушыларды таӊ қалдырамыз деп уәде беріп отыр. ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасыныӊ Қоры кез-келген жас адамныӊ шығармашылықта қалыптасуы үшін жағдай жасайды. Дарынды жастар үшін замануи драматургия, хореографиялық өнер, театр, музыка және бейнелеу өнері, сондай-ақ бейнелеу өнеріндегі жобаларға арналған цифрлық технологиялар туралы қызықты шеберлік сабақтары мен лекциялар әзірленген. Сондықтан әрбір қатысушы өзініӊ қалауы бойынша бір істі тауып алады.

Басты оқиғалар П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде болады, онда Фестивальдіӊ салтанатты ашылуы өтті. Он күндік фестиваль бағдарламасы қаланыӊ бірнеше алаӊында өтеді.

Фестивальға тілек білдіруші кез-келген адам қатыса алады: шығармашыл жастар, студенттер және түрлі саладағы жас мамандар.

"ЖасSTAR" фестивалі - шығармашылық мамандықтарын таӊдаған студенттер мен белсенді жастарға арналған ірі білім беру және мәдени оқиға. Тоғыз жылдық тарихы барысында Қордыӊ жобасы атақты мәдениет және өнер қайраткерлері және Қазақстанныӊ шығармашыл жастары арасында өзара іс-әрекет ету және тәжірибе алмасудыӊ бірегей алаӊына айналды.

- "ЖасSTAR" - белгілі әртістерді, суретшілерді, бишілерді, музыканттарды, зиялы шығармашылық өкілдерініӊ жас болашағы бар қазақстандықтармен тәжірибе алмасу және білімімен бөлісуге арналған ерекше жоба болып табылады.

"ЖасSTAR" фестивалініӊ шығармашылық дәстүрініӊ арқасында жастар арасында өнерді бағалау, бейнелеу өнерін және классикалық музыканы түсіну, хореографияны, режиссураны, замануи театр мен кино үрдісін тану модаға айналды. Фестивальдан шабыт алған ондаған жас өз өмірін өнермен байланыстыруға шешім қабылдады, өздерініӊ өмірлік жолын, бейімділігін, өмірлік істерін тапты, деді қордыӊ Алматы қаласындағы өкілдігініӊ директоры Сергей Тохтаров.

Фестиваль жас адамдардыӊ шығармашылық бастамаларын қолдауға бағытталған. Оныӊ басты мақсаты -жастар арасында мәдениетті дамытуға, сондай-ақ жас және дарынды қайраткерлерге шығармашылық жағынан өсуге ықпал ету.

Фестиваль ірі шығармашылық іс-шараны П.И. Чайковский атындағы Алматы Музыкалық колледжі ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасы Қорыныӊ ұйымдастырған II "Көшпенділер әуені" республикалық дәстүрлі орындаушылар конкурсы ашады. Үш күнніӊ ішінде "ЖасSTAR" фестивалініӊ қонақтары қазақтыӊ халық музыкалық мәдениетініӊ жауһарларына тәнті болады, өшпес классиктеріміздіӊ өнерімен шабыттанып, космос сияқты шексіз халық мұрасына қол жеткізе алады.

Фестиваль қонақтарына жас суретшілердіӊ "Энергия. Жастық. Өнер" көрмесі ұсынылады. И. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайыныӊ көрме павильондарыныӊ бірінде Қазақстанныӊ барлық өӊірлерініӊ және басқа да елдердіӊ авторларыныӊ еӊбектері көрсетіледі. Фестивальдіӊ арқасында жастарға жас суретшілердіӊ шығармасымен танысуға мүмкіндік алады.

Фестивальдіӊ бағдарламасына дәстүр бойынша замануи драматургия, кино, хореографиялық өнер, театр туралы қызықты шеберлік сабақтар мен лекциялар енгізілген. Жастарға мәдени жобаларды цифрландыру үшін инновациялық шешімдер көрсетіледі.

"ЖасSTAR" фестивалініӊ аясында "Драма.KZ"замануи драматургия фестивалі өтеді.

Шығармашылық, өнер және шабыт мерекесіне 2002 жылғы Олимпиада чемпионы, әлемніӊ төрт дүркін чемпионы, аты аӊызға айналған Алексей Ягудин келеді. Ол жастарды спорттыӊ еӊ әсем және романтикалық түрімен таныстырады.

Дәстүр бойынша Абай атындағы МАОБТ есігі айқара ашылады, оныӊ сахнасында фестивальдіӊ қонақтары мен қатысушылары әлемніӊ балет жұлдыздары Семён Чудин және Кристина Кретованыӊ қатысуымен "Аққу айдыны" спектаклін тамашалайды.

Өзініӊ шығармашылығы және кәсіби құпиясы туралы ресейлік драматург, жазушы, журналист Олжас Жанайдаров, режиссер, оператор-қоюшы, үздік операторлық жұмысы үшін Күміс аю сыйлығыныӊ иегері Азиз Жамбакиев; композитор, дирижер, Н.А.Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербург консерваториясыныӊ доценті Сергей Екимов әӊгімелейді.

Фестивальға кез келген адам қатыса алады, бұл ретте әрбіреуі өз қалауы бойынша шеберлік сабақты таӊдап алуға мүмкіндігі болады. Ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Тұӊғыш Президенті - Елбасыныӊ Қоры болып табылады. "ЖасSTAR" фестивалі Алматыда тоғызыншы рет өткізіліп отыр және қонақтарды әрқашан таӊ қалдырып келеді. "Болашақ бүгіннен басталады" деген фестивальдіӊ ұраны ғана өзгеріссіз қалады.

Фестиваль 28 қазанға дейін өткізіледі. Жастардыӊ белгілі шеберлермен кездесуі шығармашылық жоғары оқу орындарыныӊ алаӊдарында ұйымдастырылады - П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі, А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік Академиялық Орыс драма театры, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, "Тұран" университеті, Отель InterContinental Almaty, И. Қастеев атындағы Мемлекеттік мұражай және "Halyk Arena" мұз айдыны.

Барлық іс-шараларға тегін кіруге болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны