12.06.2008, 11:53 1555

"Алматы қаласында жер сілкінісінің қауіптерін басқаруды үйрену" атты халықаралық семинар оңтүстік астанада өтуде

"Алматы қаласында жер сілкінісінің қауіптерін басқаруды үйрену" атты халықаралық семинар оңтүстік астанада өтуде

Алматы. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қалалық әкімдігі мен Жапон Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің бірлескен жобасын жүзеге асыру аясында "ҚР Алматы қаласында жер сілкінісінің қауіптерін басқаруды үйрену" деген тақырыпта халықаралық семинар басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Семинарды ашқан Жапония елшілігі Алматы бөлімшесінің бастығы Сэо Масацуга мырза Қытайда жер сілкінісінен зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтты.

С. Масацугудың айтуынша, Жапония сияқты Алматы да жоғары сейсмикалық қауіп аймағында орналасқан, сол себепті екі елдің басшылығы жер сілкінісінің қаупін азайту саласында ынтымақтастық орнатуға шешім қабылдаған.

Зілзалаларды зерттеу жөніндегі Азиялық орталықтың аға ғылыми қызметкері Каясима Тиеси "Кобэ қаласында 1995 жылы болған жойқын жер сілкінісінің сабақтары" атты баяндама жасады. Бұл қалада жапондық сейсмикалық өлшем бойынша магнитудасы 7,3 балл жер сіокінісі болып, 6 433 адам қаза тапқан болатын. Шығын құны 9,9 трлн иенге бағаланды, қала тұрғындары табиғи зілзалаға дайын болмай шықты. Адамдардың 80% үйінді астында, тағы 15% -өрттердің салдарынан қаза тапты.

Атап айтсақ, газ шыққан аймақтарда электр қуатын беруді қайта жандандыруда қателік жіберілді. Соның салдарынан зілзала құрбандарының саны артты. К. Тиеси сондай-ақ, қаладағы тіршілікті қалпына келтіру шаралары жайлы әңгімеледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны