18.06.2008, 19:15 3492

Алматы қаласының әкімдігінен Горький атындағы саябақты сатып алған компания ғұмыры ғасырға созылған 70 еменнің қырқылғанын мойындамай отыр

Алматы қаласының әкімдігінен Горький атындағы саябақты сатып алған компания ғұмыры ғасырға созылған 70 еменнің қырқылғанын мойындамай отыр

Алматы. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - 2004 жылы Алматы қаласының әкімдігінен "Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағы басқармасы" МКҚК мүліктік кешенін сатып алған "Алтын-Тараз" ЖШС ғұмыры 1 ғасырға созылған 70 еменнің қырқылғанын мойындамай отыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Мегаполис" газетіне сілтеме жасай отырып.

Газет "Горький парк - 2" мақаласында газетте бұрын жарияланған 19 мамыр күнгі нөміріндегі "Горький парк" мақаласында жазылған ағаштарды кесу оқиғасын компанияның мойындамай отырғандығын хабарлаған. "Саябақты жеке меншікке бергеннен кейін оның барлық инфрақұрылымы тоқырауға ұшырады. Кіші көлде салынған "Аквапарк" иелері одан неғұрлым көп пайда табу мақсатымен үлкен көлді құрғатып, екі мейрамхана мен кинотеатрды жауып тастады. 70 емен ағашын кесті. Ал жер теліміне асфальт төселіп, автотұраққа айналды", - деп жазған газет.

Газеттің хабарлауынша, "Алтын-Тараз" компаниясы саябақтың коммуналдық меншікте екенін айтып, сендіруде. Алайда, сонымен бірге, құжатта 2004 жылы "Орталық мәдениет және демалыс саябағы басқармасы" МКҚК кешенін компанияның сатып алғанын көрсеткен.

Алматы қалалық жер қатынастары басқармасы газеттің жолдаған сауалына қазіргі уақытқа дейін "Орталық мәдениет және демалыс саябағы басқармасының" жер телімін "Алтын-Тараз" ЖШС рәсімдемегенін айтып жауап берді.

"Табиғат" экологиялық одағы бірнеше жыл қатарынан БАҚ өкілдерінің қатысуымен рейдтер өткізуде. Алайда, саябақ қожайындарының тарапынан ешқандай да жауап немесе үн қату болмаған, деп хабарлайды газет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны