12.12.2008, 17:31 2881

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында 34 алматылық отбасыға пәтер берді

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында 34 алматылық отбасыға пәтер берді

Алматы. 12 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында 34 алматылық отбасыға пәтер берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл пәтерлерді қала әкімінің мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан аудандық әкімдіктерде пәтер кезегінде тұрғандар мен мемлекеттің дамуына айтарлықтай үлес қосқандар алды.

Қала әкімінің коомуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алғандар саны - 34 отбасы. Олардың арасында қала қызметтері мен өнер саласының қызметкерлері, спортшылар, әскери қызметшілер, Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлері, мүгедектер, көп балалы отбасылар бар.

Икім жаңа пәтер алғандарды, соның ішінде еліміздің атын шығарып жүрген спортшылар мен мелекетімізді қорғайтын әскери қызметшілерді айрықша сезіммен құттықтады. Пәтерлерді ең алдымен 10 және одан да көп жылдар бойына кезекте тұрғандар алатындығын атап өтті.

"Қалыптасып отырған әлемдік экономикалық дағдарысқа қарамастан біздің қаламыз өсіп- өркендеуде. Барлық әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асуда, бұл мақсаттар үшін бюджеттен қаржы бөлінуде"-, деді Ахметжан Есімов.

Өткен жылмен салыстырғанда биыл мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алғандар саны арта түскен. Егер 2006 жылы 166 пәтер берілсе, биыл оның саны - 186.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны