08.10.2009, 17:53 3563

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов жемқорлыққа қарсы күресті жүйелендіруді талап етті

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов жемқорлыққа қарсы күресті жүйелендіруді талап етті

Алматы. 8 қазан. Kazakhstan Today - Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов жемқорлыққа қарсы күресті жүйелендіруді талап етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігінде кеше әкім А. Есімовтың төрағалық етуімен жемқорлыққа қарсы күрестің қазіргі деңгейін саралаған жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Алматы аймақтық комиссиясының отырысы болып өтті.

Ахметжан Есімов мемлекет пен қоғам мүддесін бәрінен жоғары қоятындар үшін жемқорлыққа қарсы күрес ортақ іс болып табылатындығын ерекше атады.

"Бұл қатер мегаполис пен қала тұрғындарының өміріне өз кесірін тигізіп отырғандығы шындық. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметкерлер жүзеге асыруы тиіс барлық әкімшілік және басқа да заң актілері жетерлік. Біз ҚР-ның мемлекеттік қызметкердің адамгершілік Кодексінің әр тармағын негізгі алып, жемқорлыққа жол бермеуге тиіспіз", - деп атап өтті Ахметжан Есімов.

Баяңдамашылар комиссия төрағасына ҚР "Мемлекеттік қызметкер туралы", "Жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңдарының жүзеге асуы туралы мәлімдеді. Алматы қаласының жергілікті атқару органдары адамгершілік Кодескінің әр тарауы бойынша түрлі игілікті шараларды ұйымдастырып, түсінік және насихат жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізіп келеді.

Комиссия отырысында титтей де кемшілік жібергендерді қатаң жазаға тартып, жемқорлықтың алдын алу қажеттігі де жан- жақты сөз болды. Алматы қаласы мемлекеттік қызмет жөніндегі басқарма бастығы Мағзам Қасымовтың мәліметі бойынша, Иуезов ауданында түрлі құқық бұзушылыққа жиі жол беріледі. Осыған орай Ахметжан Есімов ауданның жаңа әкімі Б. Торғаевқа нақтылы әр іс бойынша тиісті шара қолдануды тапсырды.

Қаланың құқық қорғау және басқа да арнайы органдары Қазақстан Республикасының "Жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңын орындауда нақтылы шараларды ж.үзеге асырып келеді. Соның арқасында 2009 жылдың 8 айы ішінде құқық бұзышылыққа барғандар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,9% -ға төмендеген.

Жалпы қаланың құқық қорғау және басқа да арнайы органдары 75 жемқорлық қылмыстың бетін ашты. Жемқорлық қылмыс бойынша 36 мемлекеттік қызметтегі өкілетті адамдар сотталды. Сотталғандардың басым көпшілігі- ішкі істер органдарының қызметкерлері.

К омиссия отырысында мемлекеттік қызметкерлердің өз бизнестерін сенімді өкілдеріне тапсыруы барысында жергілікті атқару органдары көптеген олқылықтар жіберіп отырғандығы айтылды. Сонымен қатар, салық комитеттеріне декларация тапсыру, мемлекеттік қызметкерлерді аттестациядан өткізу және басқа да істер де кемшіліктер бар.

Қала әкімі басты назарды салық органдырының, қаржылық бақылауға, жасырын төлемге аударды. Ахметжан Есімов сонымен қатар азаматтар мен кәсіпкерлерден түскен өтініш - шағымдарды дер кезінде қарап, жауап беруді, ҚР заңдарын мүлтіксіз орындауды, департаменттер мен басқармалар жұысының барынша ашық және жариялы болуы қадап тұрып айтты.

"Мемлекеттік қызметті барынша жүйелендіріп, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтіп, адамгершілік Кодесінің әр тармағын қатаң сақтау қажет. Адамдармен жұмыс істеп, үлкен нәтижеге қол жеткізуге тиіспіз", - деп қорытындылады өз сөзін Ахметжан Есімов.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бос әкімшілік мемлекеттік қызметке орналасуға қастысты жүргізілген 21 конкурс бойынша 210 адамның 209- ы тестілеуге жіберілді. Олардың 145-і өтіп, 57 - і тест сұрақтарын игере алмады, 6 -ы тест тапсыруға мүлдем келмеді.

Конкурс нәтижесі бойынша, 49 адам әкімшілік мемлекеттік қызметке тұрды. 27 - і Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет басқармасының резервіне қойылды.

Биыл 142 мелекеттік қызметкер аттестациядан өтті. Оның: 130 -і ойдағыдай білім танытты. 11 - і қайта тапсыруға жіберілді, 1 - і комиссия шешімі бойынша өз қызметіне лайық емес деп танылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны