18.09.2009, 14:23 3314

Алматы қаласының әкімі Азиада нысандарын аралады

Алматы қаласының әкімі Азиада нысандарын аралады

Алматы. 18 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы қаласының әкім Ахметжан Есімов бүгін өзінің жұмыс сапарында Азиада нысандарын аралады. Ол гондольды жолда, "Шымбұлақта", "Медеу" мұз айдынында, К-125, К-95 трамплиндерінде, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, барлық нысандарда жұмыс кесте бойынша жүруде. Қала әкімі салынып жатқан нысандардың 2011 жылы өтетін Азия ойындары Олимпиада кеңесінің техникалық талаптпарына сай болуы қажеттігін атап көрсетті. Сонымен қатар, әр нысан уақтылы іске қосылуы керектігін де қадап тұрып айтты.

Қалалық әкімдіктің мәліметтеріне сәйкес: "Шымбұлақ" таушаңғысы кешенінде тау шаңғысы мен фристайлдан жарыс өтетін болады. Толық реконструкция жасау бюджеті - 1,37 млрд АҚШ долларын құрайды. 1- кезеңі -200 млн АҚШ долларына тең. Нақтылы игерілгені - 100 млн АҚШ долларын құрайды.

Қазіргі кезде мұнда жұмыс жасалған кестеге сай жүруде. Инженерлік жүйе, аспалы жолдар, телекоммуникация, байланыс жүйесі жасалуда. "Медеу" биік тау шатқалындағы спорт кешенінде жұмыс ойдағыдай жүруде. Мұндағы реконструкци яның жалпы сомасы - 19,4 млрд теңге, құрылыс- монтаж жұмыстары - 8,5 млрд теңге, құралдар құны - 6,3 млрд теңге, басқа шығындар - 4,6 млрд теңге. 2008 жылы Туризм және спорт министрілігі құрылыс- монтаж жұмыстарына 1,9 млрд теңге, 2009 жылы 6 ,0 млрд теңге бөлінген. Мұз айдынына 8000 шаршы метр жылу изоляциясы және басқа да төсеніштер төселген. Бетон төсеу жұмысы 90% -ға орындалған. Құрылысты толық аяқтау мен қаржыны толық игеру мерзімі - 2009 жылдың қараша айы.

Шаңғы трамплиндерінің кешенінің сметалық құны - 38,2 млрд теңге, құрылыс - монтаж жұмыстары - 23,6 млрд теңге; құралдар құны - 5 млрд теңге; басқа шығындар - 9,7 млрд теңге.

ҚР Туризм және спорт министрілігінің құрылыс- монтаж жұмыстарына бөлген қаржысы 3,7 млрд теңге. 2008 жылы бөлінгені 1,5 млрд теңге, барлығы 5,2 млрд теңге. 2009 жылы осы жұмыстарға бөлінгені 5,0 млрд теңге - игерілгені 5,0 млрд теңге. Үкіметтің резерінен қосымша бөлінгені 5,0 млрд теңге. К-125, К-95 трамплиндерінің құрылысы кестеге сай жүруде. 800 млн теңгеге тиісті құрал- жабдықтар алынатын болады. К-125, К-95 - трамплиндерін нығайту жұмыстары 80% -ға орындалған, металлоконструкциялау жұмыстары 70% -ға, мұнараларды монтаждау 50% - ға жүзеге асқан.

Үстіңгі трибунаны монтаждау 95%, ал аспалы жол скважиналарын орнату 100% жүзеге асқан. Төрешілер отыратын жер жұмыстары 25% -ға орындалған. Аспалы жолды қатайту жұмысы 100% -ға жүзеге асқан. К-125, К-95 траплиндері мен трибуна жұмыстары 2009 жылдың желтоқсанында толық аяқталады.

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы ПСД -ға бөлінген қаржы - 400 млн теңге.

Нысанның жалпы құны - 22 млрд теңге. Мемлекеттік сараптама қорытындысы бойынша нысан құны - 18,5 млрд теңге болған. Жалпы, Спорт сарайының жұмыстары уақтылы жүзеге асып келеді, деп хабарлайды әкімдік.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны