31.10.2016, 10:32 3987

Алматы қаласыныӊ әкімі Б.Байбек барша қазақстандықтарды Универсиадаға атсалысуға шақырды

Айта кетейік, Универсиада 2017 жылдыӊ 29 қаӊтары мен 8 ақпан аралығында өтеді. 11 күнге жалғасатын халықаралық жарыста спорттыӊ 12 түрінен 86 медаль ойнатылады.

Алматы. 31 қазан. Kazakhstan Today - 29 қазанда вице-премьер Иманғали Тасмағамбетовпен өткен 2017 жылғы қысқы Универсиадаға дайындық жөніндегі жиында Алматы қаласыныӊ әкімі Бауыржан Байбек барша қазақстандықтарды ішкі туризмді дамытуға үлес қосуға, ал өӊірлерді Универсиада билеттерініӊ сатылуына ықпал етуге шақырды, деп хабарлайды әкімдіктіӊ баспасөз қызметі.

"Универсиада бірінші кезекте, еліміздіӊ тұрғындары үшін өткізілуде. Демек, бұл қазақстандықтар үшін әлемдік деӊгейдегі жарысты ешқайда шықпай-ақ көруге болатын мүмкіндік. Сондықтан да біз басқа өӊірлердіӊ тұрғындарын Универсиада өтетін уақытта Алматыға келуге шақырамыз. Бұл тек спорттық, мәдени ауқымды шаралардан бөлек, сауда орталықтарында жеӊілдіктер маусымы болатын кез", - деді Б.Байбек.

Сонымен қатар, қала басшысы қауіпсіздік мәселесініӊ де басты назарда екенін қадап тұрып айтты. Универсиада кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 6,5 мыӊ күштік құрылымдардыӊ қызметкерлері жұмылдырылатын болады.

Айта кетейік, Универсиада 2017 жылдыӊ 29 қаӊтары мен 8 ақпан аралығында өтеді. 11 күнге жалғасатын халықаралық жарыста спорттыӊ 12 түрінен 86 медаль ойнатылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны