14.06.2008, 16:45 3162

Алматы қаласының әкімі денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне пәтер кілтін тапсырып, дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Алматы қаласының әкімі денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне пәтер кілтін тапсырып, дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Алматы. 14 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін олардың кәсіби мерекесі күнімен құттықтап, денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне пәтер кілтін тапсырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, орталық қалалық клиникалық аурухана ғимаратына Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, Алматы қаласы әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, қала жұртшылығы, ҒЗИ мен Орталықтардың, фармецевтикалық фирмалардың, денсаулық сақтау саласы мемлекеттік емес секторының қызметкерлері жиналды.

Алматы қаласы әкімдігінің 12.06.08 жылғы № 2/392 қаулысына сәйкес денсаулық саласындағы жұмыс өтілімі, үй кезегінде тұрғандығы ескеріліп, алты адамға жаңадан салынған құрылыстан бір және екі бөлмелі пәтерлер берілді. Алматы әкімі Ахметжан Есімов ақ халатты абзал жандарға пәтер кілтін тапсырды және сала қызметкерлерінің барлығын бүгінгі төл мерекелерімен құттықтады.

Баспасөз қызметінің ақпараттық анықтамасына жүгінсек, медицина қызметкерлері күні жыл сайын 15 маусымда аталып өтеді. Қала медиктері күн сайын 35 мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді, 30 мыңнан астам жанға диагностикалық зерттеу жүргізіледі. 1500 жедел жәрдем шақырылып, 6000 мыңнан астам адам қала ауруханаларында стационарлық емдеуден өтеді, 300-ден астам күрделі опеарция жасалып, 70 астам әйел босанады.

Жыл сайын өздерінің төл мерекелері қарсаңында медицина қызметкерлері ең лайықты әріптестеріне құрмет көрсетеді. Кәсіби байқау өткізу дәстүрге айналды. Дәрігерлер арасында саяси, ғылыми, практикалық ізденістерін ұштастыра білген абзал жандар көп. Өз ісін жетік меңгерген қатардағы дәрігерлер де жеткілікті.Биыл жыл сайын өтетін кәсіби конкурс бес номинация бойынша бағаланды. "2008 жылдың ең үздік стационарлық дәрігері" - №7 қалалық клиникалық аурухананың бөлім меңгерушісі Жәнібек Жанайдаров, "2008 жылдың медициналық - санитарлық көмек көрсетудегі ең үздік дәрігері" - №9 емхананың учаскелік дәрігері Айгүл Байсақалова, "2008 жылдың ең үздік медбикесі" - №5 қалалық клиникалық аурухананың операциялық аға медбикесі Грицкевич Любовь, "2008 жылдың үздік фельдшері" - Жедем жәрдем ауруханасы №6 қосымша станция фельдшері Лидия Соколова, "2008 жылдың ең үздік күтушісі"- Орталық паллиативті көмектің күтушісі Ғалия Қасымжанова атанды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны