09.06.2008, 10:02 1267

Алматы қаласының әкімі қала маңынан жаңа әкімшілік аудан құруды ұсынды

Алматы қаласының әкімі қала маңынан жаңа әкімшілік аудан құруды ұсынды

Алматы. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қала маңынан жаңа әкімшілік аудан құруды ұсынды. Бұл туралы ол қала әкімдігінде ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен өткен жиналыста мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Жаңа ауданды құрудағы басты мақсаттардың бірі бір топ проблемаларды шешу болып табылады: жер телімдері мен жеке тұрғын үй құрылыстарын заңдастыру, азаматтардың жұмысқа орналасуын тіркеуге алу, денсаулық сақтау, қауіпсіздік және білім беруге байланысты әлеуметтік мәселелер", - деп мәлімдеді А. Есімов.

Оның айтуынша, қосылған кенттердің азаматтары алатын экономикалық және әлеуметтік қызметтер пакеті осы аумақтардағы жұмыссыздық деңгейі мен қылмыс ахуалын күрт төмендетуге мүмкіндік бермек.

Икімнің айтуына қарағанда, осы ықшамаудандарды дамыту бағдарламалары аясында жоспарланған 25 млрд теңгеден тек 8 млрд қана бөлініп игерілген. "Бұл қаражаттың айтарлықтай бөлігі сумен қамтамасыз ету, кәріз және электр энергиясымен жабдықтайтын магистаральды желілер салуға бөлінген", - деп хабарлады А. Есімов.

Икім сондай-ақ, осы жерлерде арнайы экономикалық аймақ құруға ұсыныс білдірді. Оның негізінде өнеркәсіп, көлік-логистикалық және басқа кәсіпорындарды шоғырландыру және жаңа жұмыс орындарын құру көзделіп отыр. Бұл, басқасын айтпағанда, қала орталығын ірі өнеркәсіп орындарынан айыруға, көлік құралдарынан бостауға және қала экологиясын жақсартуға мүмкіндік бермек.

К. Мәсімов бұл ұсынысқа қолдау білдірді.

"Алматы қаласының маңын дамыту бас жоспарын жасауды қаржыландыру мәселесін шешу жөніндегі нақты орындаушыны тағайындауды сұраймыз", - деді әкімдік премьер-министрге.

К. Мәсімов бұл мәселенің мән-жайын анықтауды тапсырды және Алматы қаласы мен облысы әкімдерінің бірлескен бас жоспар жасау қажеттілігі жөніндегі бірлескен ұсыныстарын қолдау білдірді.

Ол сондай-ақ, қазіргі уақытта шегінде жұмыс істеп тұрған инфрақұрылымға қосылудың техникалық талаптары болмаған жағдайда жаңа құрылысты бастамау керектігін атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны