28.08.2009, 16:52 3064

Алматы қаласының әкімі қала маңының Бас жоспарын ретке келтіру жөнінде тапсырма берді

Алматы қаласының әкімі қала маңының Бас жоспарын ретке келтіру жөнінде тапсырма берді

Алматы. 28 тамыз. Kazakhstan Today - Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қала маңының Бас жоспарын ретке келтіру жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігінде қала әкімі Ахметжан Есімовтың төрағалық етуімен қала маңының Бас жоспарын ретке келтіру және қаланың Бас жоспарының көлік жүйесіне қатысты жерін қайта қарау жөнінде кеңес өтті.

Қала маңының шекарасын анықтау барысында Ахметжан Есімов онда тұратын адамдарың нақтылы өсімін ескеруді, соңғы санаққа және табиғи өсімге қатысты қаланың кең көлемін қамтуды тапсырды. Икім қала маңының бас жоспарының жобасын дайындауда Алматы мүддесінің ескерілуі керектігін де атап көрсетті. Сонымен қатар, жобаны жасағанда "Сорбұлак" өзенінің, "Капшағай" су қоймасының айналасын, аграрлық кешенді, "Жетіген" станциясымен "Маловодный поселкесінің аумағын да анықтап көрсетуді талап етті.

Кеңес барысында көлік кептелісінің жоғары екендігі, оның қала экологиясына кері әсері де сөз болды. Бұған транзитті көліктің теріс ықпал етіп отырғандығы айтылды.

Сондықтан да қала әкімі көлікке қатысты батыс елдерінің тәжірибесін зерттеп, велосипед қозғалысына орай қаланың көлікке қатысты құрылымына өзгерістер енгізуді тапсырды. Ахметжан Есімов қозғалыс жиі болатын сағаттарда реверсивті көлік қозғалысының қалыптастыру туралы да айтты.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, Алматының Бас жоспары 2002 жылы жеке аудандар негізінде жасалған болатын.

Сыртқы миграция мен ішкі табиғи өсім мегаполис бас жоспарына өзгертулер енгізуді талап етуі орынды. Қала маңының Бас жоспарының жобасын жасағанда қаланың осы аймағының шекарасы нақты көрініс табуы тиіс.

Алматы маңының бас жоспары - қаланың елді мекендермен түйісуі әрі олардың қаламен өз аумақтарымен, еңбек және тұрмыстық мідени байланысы

Қала мен оның айналасын бірлесіп пайдаланатын инженерлік - транспорттық инфрақұрылым байланыстырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны