18.01.2012, 15:17 3353

Алматы қаласының әкімі қаладағы тұрғын үйге деген сұранысқа талдау жасауды тапсырды

Алматы әкімі Ахметжан Есімов өзекті мәселе - тұрғын үйдің форматын анықтау мақсатында алматылықтардың тұрғын үйге деген сұранысын сараптауды тапсырды.

Алматы. 18-қаңтар. Kazakhstan Today - Алматы қаласының әкімі қаладағы тұрғын үйге деген сұранысқа талдау жасауды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы әкімі Ахметжан Есімов өзекті мәселе - тұрғын үйдің форматын анықтау мақсатында алматылықтардың тұрғын үйге деген сұранысын сараптауды тапсырды.

"Қандай пәтер салуымыз керек, бір бөлмелі ме, әлде төрт бөлмелі ме. Алматылықтарға не керек? Сондай сараптама жүргізу керек. Оны экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында да жүргізу керек", деді А.Есімов сәрсенбіде қаланың әлеуметтік -экономикалық дамуы нәтижелері бойынша өткен жиналыста.

Жиналыста жария етілген экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметтеріне қарағанда, бүгінгі күнге қарағанда қалада жоспарланған 14 үй (462 пәтер) пайдалануға берілген. 2010 жылы пайдалануға 10,5 мыңнан аса пәтер берілген.

"Бұл ең алдымен мемлекеттік бағдарлама аяқталғандықтан төмендеген. Енді оның тиімділігін қарап, биыл жұмысты жандандыра түсу керек", деді әкім.

2012 жылы пайдалануға 18 тұрғын үй (604 пәтер) беру көзделген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны