13.06.2008, 10:23 1112

Алматы қаласының әкімі Катар мемлекетінің делегациясымен кездесті

Алматы қаласының әкімі Катар мемлекетінің делегациясымен кездесті

Алматы. 13 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Кеше Алматы қаласы әкімдігінде Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтың Катар мемлекеті Мәдениет, өнер және атамұра жөніндегі ұлттық кеңесінің төрағасы Шейх Мешаль Бен Джасим Бен Мұхамед әл Тәни бастаған Катар мемлекетінің делегациясымен екі жақты кездесуі болып өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі әкімнің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

"Екі ел халықтарының арасындағы мәдени - рухани және достық байланыс жөніндегі келісім аясында үстіміздегі жылдың 8 маусымында Катар мемлекетінің делегациясы Алматыға келді", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, кездесу барысында Катар елі делегациясының басшысы Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовке ыстық ықыласты қабылдауы үшін алғыс айтып, Қазақстан делегациясын Катардағы үлкен Ислам мұражайының ашылу салтанатына қатысуға шақырды.

"Аса құрметті әкім, мен Сізге Қазақстанда Катар мәдениеті күндерін өткізудегі көмегіңіз үшін ризашылық білдіремін. Біз алдағы уақытта мәдениет, экономика мен инвестиция саласында байланыс қалыптастырсақ дейміз. Қазақстанмен, соның ішінде Алматы қаласымен туризм саласында да қарыс-қатынасты өрістетуге мүдделіміз, Сіздердің табиғаттарыңыз қандай әсем, ал халық өте қонақжай екен"- деп атап өтті Шейх Мешаль Бен Джасим Бен Мұхамед әл Тәни.

Катар делегациясы Алматыда маусымның 14 жұлдызына дейін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны