31.10.2008, 10:26 3093

Алматы қаласының әкімі метрополитен құрылысының орындалу барысын тексерді

Алматы қаласының әкімі метрополитен құрылысының орындалу барысын тексерді

Алматы. 31 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Кеше Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов метрополитен құрылысының алғашқы кезегі жұмыстарының орындалу барысын тексерді, деп хабарлайды агенттік тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ахметжан Есімов станциялар мен тоннельдер құрылыстарымен, эскиздермен жан- жақты танысып, құрылысшылармен жұмыстардың орындалу мерзімін талқылады.

Икімнің орынбасары Виктор Долженков жұмыстың жыл басында жасалған кесте бойынша атқарылып жатқандығын, бір тоннельдің, үш станция вестибюльдерінің дайын екендігін атап өтті. Сонымен қатар, сыртқа шығу және көшелерден өтуге қатысты құрылыстардың да қарқын алғандығын айтты. "Райымбек" станциясында әрлеу жұмыстары жүруде. Техникалық және авторлық бақылаудың арқасында барлық құрылыс жұмыстары сапалы атқарылуда. Болашақта ТЭО-ның екінші кезегі қолға алынбақ. Ол "Алатау" станциясынан басталып, Қалқаман кентіне, "Райымбек" станциясынан 1-ші Алматы темір жол бекетіне дейінгі аралықты қамтиды.

Метро құрылысының басшылығы барлық жұмыстардың жоспарға сай жүріп жатқандығыны, тек "Абай" станциясы құрылысының кешеуілдеп тұрғанын, жыл аяғына дейін белгіленген меженің жүзеге асатындығын жеткізді.

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов құрал- жабдықтардың текке бос тұрып қалмауы үшін ең алдымен құрылыс - монтаж жұмыстарына қатысты кесте жасауды тапсырды. Сонымен қатар, келер жылға қажетті құрал - жабдық сатып алу мәселесін шешу қажеттігін де атап көрсетті.

Метроның бірінші кезегі "Райымбек", "Жібек Жолы", "Алмалы", "Абай", "Байқоңыр", "Тұлпар", "Алатау" деп аталатын 7 станциядан тұрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны