26.10.2016, 15:43 4641

Алматы қаласыныӊ әкімі Мұхтар Иуезов атындағы театр ұжымын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев атап өткеніндей, Мұхтар Иуезовтыӊ есімін арқалап отырған театр қазақ халқыныӊ рухын дамытуда алатын орны ерекше және өз тарихында бай кезеӊдерді қамтыған, ол, әрине, өте жоғары баға болып табылады", деп атап өтті.

Алматы. 26 қазан. Kazakhstan Today - Алматы қаласыныӊ әкімі Бауыржан Байбек Мұхтар Иуезов атындағы Қазақ академиялық театры ұжымын 90-жылдық мерейтойымен қалалықтардыӊ атынан құттықтады, деп хабарлайды әкімдіктіӊ баспасөз қызметі.

Қала әкімі драма театрыныӊ басты сахнасындағы мерейтойда салтанатты түрде Hyundai маркалы микроавтобус кілтін театр басшылығына табыс ете отырып, өнер қайраткерлерін мерейтойларымен құттықтады. Құттықтау барысында Б.Байбек театрдыӊ тарихымен мәдени мұрасы оӊтүстік астананыӊ ғана емес, бүкіл Қазақстанныӊ өнер шежіресіне айналғанын атап өтті.

Сонымен қатар, ресми бөлімінде қала әкімі "Мұхтар Иуезов атындағы драма театрын шын жүректен 90 жылдық мерейтойымен құттықтаймын! Театрдыӊ өмірбаяны сонау 1925 жылы Қызылорда қаласынан басталады. Өнердіӊ биік шыӊыныӊ үлгісі болған театрымыз еліміздіӊ мәдениетіндегі беталыстарға бастама болып келеді. Осы киелі сахнада Шекспирдіӊ, Островскийдіӊ, Гогольдіӊ, Горькийдіӊ және көптеген атақты классиктердіӊ шығармалары қойылды. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев атап өткеніндей, Мұхтар Иуезовтыӊ есімін арқалап отырған театр қазақ халқыныӊ рухын дамытуда алатын орын ерекше және өз тарихында бай кезеӊдерді қамтыған, ол, әрине, өте жоғары баға болып табылады", деп атап өтті.

Салтанатты іс-шара "Сыған серенадасы" мюзиклін тамашалаумен жалғасын тапты. Бұл қойылымда мерейтойын атап өтіп отырған театр актерлары Шәмші Қалдаяқов сынды ұлы композитордыӊ өмірбаян беттерін шынайы көрсетті.

Өнерсүйер қауымға қазақ халқыныӊ сазгері мен сыған қызыныӊ махаббатын суреттейтін махаббат тарихы ұсынылды. Екі жүректіӊ өзара шынайы махаббатыныӊ нәтижесі ретінде тамаша композиция - "Сыған серенадасы" туындаған. Актерлардыӊ шебер ойыны көрермендерді махаббат, бәсекелестік, қайғы мен қуаныш қатар жүретін сыған қосыныӊ өміріне шолу жасауына мүмкіндік берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны