09.06.2008, 10:14 1162

Алматы қаласының әкімі үлескерлер қатысқан тұрғын үй нысандарын салу үшін ақша бөлу кестесін қайта қарастыруды ұсынады

Алматы қаласының әкімі үлескерлер қатысқан тұрғын үй нысандарын салу үшін ақша бөлу кестесін қайта қарастыруды ұсынады

Алматы. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов үлескерлер қатысқан тұрғын үй нысандарын салу үшін ақша бөлу кестесін қайта қарастыруды ұсынады. Алматы қаласының әкімдігінде премьер-министр Кәрім Мәсімовтың төрағалық етуімен өткен отырыста Ахметжан Есімов осындай ұсыныс енгізді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бюджет қаражатын бөлу кестесін Астана қаласынікі секілді үкімет - әкімдік - құрылыс салушы ретінде ауыстыруды ұсынамын", - деді А. Есімов.

Ол сондай-ақ, Алматыдағы үлескерлер қатысқан тұрғын үй нысандарының құрылысын аяқтауға республикалық бюджеттен 22,4 млрд теңге бөлінгендігін хабарлады. Бұл 3 мың үлескердің мәселесін шешуге көмектеседі. Бұл қаражаттың 11,4 млрд теңгесі екінші деңгейдегі банктерге аударылып қойылған. Алайда, әкімнің айтуынша, банктер аталмыш бағдарламаға ықылассыз қатысуда.

Сонымен қатар, А. Есімов үстіміздегі жылдың үшінші тоқсанында тағы 17 млрд теңге және төртінші тоқсанында 7 млрд теңге бөлу көзделіп отыр.

Алматы қаласының әкімі қалада 730 үлескер қатысып отырған 6 проблемалы нысан тұр. "Төртеуінің шешімін таптық. Ал ақша жинап алып, құрылысты бастамаған екі құрылыс компаниясынан ешқандай да үміт жоқ. Олар - "Алматы Инвест Строй" мен "Верный.kz", - деді ол.

К. Мәсімов Алматы қаласының әкімін толығымен қолдайтынын білдірді. Проблемалы нысандардың үлескерлерімен кездесу қажеттігін мәлімдеді. Сондай-ақ, үлескерлерді қорғау бағдарламасы аясында бюджет қаражатын бөлу механизмін әрі қарай жетілдіруді ұсынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны