06.05.2008, 16:53 4014

Алматы қаласының әкімі Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңіс мерекесімен құттықтады

Алматы қаласының әкімі Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңіс мерекесімен құттықтады

Алматы. 6 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңіс мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Сіздерді Жеңістің 63 жылдығымен құттықтайтын. Денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін және сіздердің алдарыңызда басымды иемін, құрметті ардагерлер!", - деді А. Есімов қала әкімдігінде өткен 30 ардагермен кездесуде.

Құттықтау сөзінде А. Есімов ардагерлерді әлеуметтік қамсыздандыру мемлекетіміздің даму стратегиясындағы маңызды мәселе болып табылады деп атап көрсетті. Атап айтқанда, Алматының қалалық қоғамдық көлігінде соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне тегін қызмет көрсетіледі, тұрғын үй коммуналдық шығындарын төлеу үшін ай сайын жәрдемақы төленеді", - деді әкім. Оның үстіне, биыл 15 ардагер жаңа пәтерлердің кілтін алған.

"Мен Алматы қаласы әкімінің қызметіне таяуда кірістім. Бүгін мен сіздермен алғаш рет кездесіп отырмын. Сіздердің тараптарыңыздан түсіністік пен қолдау табармын деп үміттенемін. Өз ойларыңызбен бөлісіп, өз тілектеріңізді айтып, кеңес бергендеріңізді қалаймын. Мен кеңестеріңізді әрқашан жоғары бағалайтын боламын және оны өзімнің күнделікті жұмыстарымда пайдалануға тырысамын", - деп уәде берді А. Есімов.

Ал ардагерлер А. Есімовты оңтүстік астананың әкімі болуымен құттықтап, осы жұмысында табыс тіледі. "Біз әлі де біраз нәрсеге жарамдымыз. Сондықтан, бізге арқа сүйей аласыз", - деп сендірді әкімді ардагерлер.

Сонымен бірге біраз тілектер де айтылды. Атап айтқанда, соғыс ардагерлері "Ардагерлер туралы" заң жобасын тағы еске салды. Ол заң жобасы мәжілістің қарауында жатқалы ұзақ уақыт болды. Бұл заң қабылданатын болса, ол көптеген ардагерлердің өмірін жақсартар еді. Бірақ, соғыс ардагерлері мен мүгедектері ол заңның қабылдануына дейін жете алмай қаламыз ба деп алаңдап отыр.

Сонымен қатар, ардагерлер кейбір соғысқа қатысушылардың кедейшілік шегінде өмір сүріп жатқанын еске салды. Сондай-ақ, кейбір соғыс ардагерлерінің жесірлері де өте кедей тұрады.

Ардагерлер сондай-ақ, жаппай қызмет көрсету орындарында "Ұлы Отан соғысының ардагерлері кезектен тыс қабылданады" деген тақташаны іліп қоюды өтінді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны