05.06.2008, 17:35 2615

Алматы қаласының басшылығы аштық жариялау акциясының 20-шы күні шараға қатысушылармен диалогқа келісті

Алматы қаласының басшылығы аштық жариялау акциясының 20-шы күні шараға қатысушылармен диалогқа келісті

Алматы. 5 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының басшылығы аштық жариялау акциясының 20-шы күні шараға қатысушылармен диалогқа келісті. Сондай-ақ, ертең болатын кездесуге барлық мүдделі мекемелер шақырылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бүгін мерзімсіз аштық жариялағандар, қолдаушылар тобы мен журналистер Алматы қалалық әкімдігінің жанында жиналды. Аштық жариялаған Ил-Фараби - Розыбакиев -Қожабеков - Гагарин көшелерінің ортасындағы аумақта тұратын тұрғындар Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтың атына өтініш әкелді. Олар кездесуге әкімнің өзі, немесе, оның орынбасарларының бірі шыққанын талап етті.

Өз арыз-шағымында акцияға қатысушылар "өздерінің жеке меншігін Алматы қаласының әкімдігі "мемлекеттік қажеттілікке" деген сылтаумен қаланың бұрынғы әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың № 1/159 қаулысымен алғанын" жазыпты.

Олар сондай-ақ, "атқарушы билік органдарынан тәуелді барлық сот инстанциялары барлық жерлерде бірдей құрылыс корпорациялары мүдделі шенеуніктердің қолшоқпарына айналды. Биліктің белсенді атсалысуымен біздің мүлкіміз нарық бағасынан 2-3 есе арзан бағаға жылжымайтын мүлік нарығындағы ірі ойыншылардың пайдасына күшпен тартып алынуда", деп атап көрсетті.

Оларға әкімдік қызметкері Ринат Құрманғазин шығып келіп, әлгілерді сейсенбіге әкімнің орынбасары Виктор Долженковтың қабылдауына тіркеп қоятынын жеткізді. Алайда, аштық жариялаушылар "сейсенбіге дейін шыдамайтынын, әлдекімдердің өлімге душар болуы мүмкін" екенін айтты.

Бұдан кейін келгендерге Алматы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов шықты. Оның хабарлауынша, "қала басшылығы аштықтық 20 күнге созылғанын біледі. Олармен басшылық өкілдері де, "Алматыжер" өкілдері де, құрылыс салушылар да ұдайы кездесіп отырды".

Сондай-ақ, С. Сейдуманов "шағым берілген жағдайда да кез-келген мәселені сотқа жеткізбей шешуге болатынын" айтты. "Бұл екі жақ та келісімге келіп, іс сотқа жетпейді дегенді білдіреді", деді. Өз кезегінде аштық жариялаушылар "Алматыжер" ҚКК олармен ешқандай жұмыс жүргізбегенін, құрылыс салушы оларға бір рет те келмегенін, ал мәселені сотқа жеткізбей шешу мүмкін болмай отырғанын жеткізді.

Сонымен бірге, аштық жариялаушылар әкімнің орынбасарына судьялардың оларды ашықтан-ашық жәбірлейтінін, өтініштерін қабылдаудан бас тартатынын, сондай-ақ, шешімді сырттай шығаратынын айтып берді. Сол себепті акцияға қатысушылар олардың мүлкін мәжбүрлі сатып алу туралы шағымдарды толық қайтарып алуды басты талап ретінде қоюда. Сондай-ақ, олар әкімдіктің оларды мәжбүроеп көшіру жөніндегі №1/159 қаулысының күшін жоюды талап етуде.

"Бұл мәселе талқылануға тиіс, бірақ әкімдікте емес, жұртшылық арасында. Қоғам болып оны талқылайық", -деді С. Сейдуманов.

Талқылауды алдын-ала ертеңге белгілеуге шешім қабылданды.

Аштық жариялаушылар "Алматыжер" ҚКК-ын сот және құқық қорғау органдары тарапынан үлкен қысымшылық жасау әрекетін ұйымдастырды деп айыптауда.Олардың айтуынша, құқық қорғау органдары оларға қысым көрсетуде. "Прокуратура кез-келген бейбіт наразылық шараларының жолына тосқауыл қойып, тұрғындардың үстінен қылмыстық және әкімшілік іс қозғалатынын айтып қорқытуда".

Бұған дейін наразылық акциясына қатысушылар түрлі сатылардан көмек сұрады, өткен аптада олар президентке өтініш жолдаса, 2-маусымда ЕҚЫҰ-ның Қазақстандағы өкілдігіне хат апарып берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны