14.09.2006, 12:18 2991

Алматы қаласының басшылығы жеке баспана тұрғызуға тегін жер телімдерін бөлудің қиындығын алға тартуда

АЛМАТЫ. 14-қыркүйек. Kazakhstan Today. Алматы қаласының басшылығы жеке баспана тұрғызуға тегін жер телімдерін бөлу жөніндегі үкіметтің қаулысын орындаудың қиындығын алға тартуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі қалалық әкімшіліктің сайтына сілтеме жасап.

"Алматы қаласы бойынша үкіметтің қаулысын орындау қиынға түспек. Жеке баспана тұрғызуға арналған бос жер мүлдем дерлік жоқ",- деп мәлімдеді сәрсенбіде мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі бойынша қалалық әкімшілікте өткен кеңесте Алматы қаласы прокурорының міндетін атқарушы Нұрғалым Ибдіров.

Алматы қаласы прокурорының міндетін атқарушының айтуынша, үкіметтің қаулысын жүзеге асыру мүмкіндігінің жоқтығы "азаматтардың жаппай наразылығын тудырып, әлеуметтік шиеленіс ошағының пайда болуына апарып соғуы мүмкін". Сонымен бірге прокуратурадағылардың пайымдауынша, "бұған дейін жер телімдерін алған азаматтар туралы біртұтас республикалық мәліметтер базасының болмауы бір адамның түрлі өңірлерде жер телімдерін алу мүмкіндігіне алып келеді. Бұл өз кезегінде уәкілетті органдарда қызмет ететін лауазым иелерін сыбайлас жемқорлыққа итермелеуге жағдай жасамақ".

Осыған байланысты қалалық прокуратура Бас прокуратураға республика үкіметінің 2006-жылдың 1-тамызындағы №726 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі жөнніде өтініш жолдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны