08.12.2006, 17:57 3877

Алматы қаласының басты ботаникалық бағының жерін көшелерді ұзарту үшін пайдалану заңға қайшы - ҚР білім және ғылым министрлігі

АЛМАТЫ. 6 желтоқсан. Kazakhstan Today. Алматы қаласындағы бас ботаникалық бақтың жерлерін көшелерді ұзарту үшін қолдану заңға қайшы. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне ҚР білім және ғылым министрлігінің ғылым комитеті хабарлады.

Агенттіктің Байзақов және Манас көшелерін Ил-Фараби даңғылына дейін Ботаникалық бақ арқылы ұзарту Алматыны көркейту туралы бас жоспарға кіре ме деген агенттік сұрағына ҚР білім және ғылым министрлігінің ғылым комитеті өкілі бұл заңға қайшы деп жауап берді.

Министрлік өкілінің хабарламасында көрсетілгендей, ерекше қорғаудағы табиғи жерлерді тартып алу, ҚР үкіметінің 2006 жылғы 10 қарашадағы №1074 қаулысына сәйкес және ҚР "Ерекше қорғаудағы жерлер туралы" заңының 23 бабы 2 тармағына сәйкес оларды өзге жерлер қатарына ауыстыруға болмайды. Қаулыда Басты ботаникалық бақ "республикалық деңгейдегі табиғи жерлер қатарына енеді",-деп көрсетілген.

Министрліктегі дереккөздің айтуынша, "әкімшілік пен Алматыда қала құрылысымен айналысатын ұйымдар бұл мәселені мемлекеттік өкілетті органдар және ботаника және фитоинтродукция институтымен /Бас ботаникалық бақтың иесі ҚР биологиялық зерттеулер орталығы" РМК еншілес кәсіпорны Kazakhstan Today агенттігінің түсініктемесі/ келіспеген.

Kazakhstan Today агенттігінің бас ботаникалық бақ туралы сұрақтарына жауап бере отырып, ҚР білім және ғылым министрлігінің ғылым комитетінің өкілі бақтың аумағы 104 га деді.

Ал , Ботаникалық бақтың директорының жаңа орынбасары Күспек Оразбековтың айтуынша, бақ аумағы 106 га. Бұған қоса, осыған дейін хабарлағанымыздай, Ботаникалық бақтың бұрынғы орынбасары А. Нұрышеваның мәліметтерінше, Алматыны көркейту Бас жоспарында Байзақов пен Манас көшелерін әл-Фараби даңғылына дейін Ботаникалық бақ арқылы ұзарту мәселесі бар.

Ал Алматы қаласының ресми сайтындағы деректер бойынша, бас ботаникалық бақтың аумағы 108 га. Бақта роза гүлінің 100 түрі, сәлдегүл, астра, қызғалдақ, жұпаргүл гүлдерінің ондаған түрлері кездеседі. Оларға қоса ағаш пен өзге де өсімдіктердің түр-түрлері, сонымен қатар емдік және жеміс жидектердің алуан түрлері өседі. Бақтағы көз тартар экспозицияның бірі өсімдіктердің 1000 түрі өсетін бірнеше бөлімнен тұратын гүлзар. Онда пальма, бамбук, банан, кактус, су тропикалық және өзге өсімдіктьердің бірнеше түрі кездеседі деп ресми сайтта көрсетілген. ҚР білім және ғылым министрлігінің басты ботаникалық бағы 1932 жылы ашылған. 2007 жылы ол өзінің 75 жылдығын атап өтпек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны