09.08.2018, 19:15 4076

Алматы қаласыныӊ Баум бағынан басып алынған жер телімдері қалаға қайтарылды

Табиғи ескерткіш болып табылатын "Баум бағыныӊ" аумағы Алматы қаласыныӊ коммуналдық меншігіне өткеннен соӊ мегаполис әкімдігі жеке тұлғалар мен автосалон иелерініӊ көлік тұрағын ұйымдастыру үшін жер телімін өз беттерінше басып алғандығын анықтады.

Алматы. 9 тамыз. Kazakhstan Today - Табиғи ескерткіш болып табылатын "Баум бағыныӊ" аумағы Алматы қаласыныӊ коммуналдық меншігіне өткеннен соӊ мегаполис әкімдігі жеке тұлғалар мен автосалон иелерініӊ көлік тұрағын ұйымдастыру үшін жер телімін өз беттерінше басып алғандығын анықтады.

Маусым айыныӊ соӊында Алматы әкімі Бауыржан Байбек заӊға сәйкес басып алынған жер телімдерін қайтаруды және оны жасылдандыруды тапсырған еді. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасыныӊ ақпараты бойынша қазіргі кезде мегаолистіӊ еӊ үлкен және жасыл аумағындағы барлық жер уачскелері қалаға қайтарылды.

Бұлардан өзге, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бақ периметрі бойынша тәулік бойына жұмыс істейтін полицияныӊ төр постысы іске кірісті, сонымен қатар бұрын құлаған ағаштардан жасалған эко- стильдегі навигациялық тақтайшалар, орындықтар қойылды. Терек, емен, қайыӊ аллеялары үшін ағаштар отырғызу жоспарланған.

Ағаштардыӊ иммунитетін арттыру және зиянкестерден қорғау үшін заманауи препараттарды арқылы жасыл желектер биологиялық өӊдеуден өтетін болады. Табиғи аймақта флора мен фаунаны кеӊейту міндеті қойылған.

Айта кетерлігі, Алматыда соӊғы айлар ішінде тағы да бірқатар жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Икімдіктіӊ қаулысы бойынша ҚІЫО "Атакентке" 23 гектар жер телімін уақытша жалға беру келісімі күшін жойды. "TURKUAZ GROUP OF COMPANIES" компаниясы "Южный" паркі учаскесінде тұрғын салудан өз еркімен бас тартты.

Екінші деӊгейлі банктіӊ бірімен Розыбакиев-Штраус-Есқараев-Радостовец көшелері аумағындағы жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы келісімге қол жеткізілді. Сақ қорғаны орналасқан бұл жерге ашық аспан астындағы Музей салу жоспарланған.

Сонымен қатар, Алматы әкімдігі қала ипподромы мен "Сайран" автовокзалын тарихи- мәдени мұра обьектілерініӊ алдын - ала жасалған тізіміне енгізді.

Өткен аптада мегаполис әкімі Бауыржан Байбек Абай көшесі бойындағы Түрксіб ауруханасыныӊ бұрынғы ғимаратын Алматы қаласы тарихыныӊ ескерткіштері тізіміне енгізу мәселесін қарастыруды тапсырды.

Ғимаратты тарихи- мәдени мұралар тізіміне енгізу оныӊ сыртқы келбетін және ішін,конструкцияларын, құрылысын, мақсатты пайдаланылуын өзгертуге және қорғалатын аумағын бұзуға тыйым салыады. Нысанды өзгертуге,жөндеуге және реконструкциялауға қатысты кез-келген шаралар өкілетті органныӊ келісімімен ғана жүргізіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны