28.10.2018, 14:03 4752

Алматы қаласыныӊ Білім басқармасы №140 бала бақшада орын алған келеӊсіз жағдайға қатысты түсініктеме берді

Қаланыӊ Білім басқармасыныӊ 2018 жылғы 24 қазандағы №105 бұйрығы бойынша №140 бала бақша меӊгерушісі қызметінен босатылды.

Алматы. 28 қазан. Kazakhstan Today - Алматы қаласыныӊ Білім басқармасы №140 бала бақшада орын алған келеӊсіз жағдайға орай ата - аналардыӊ шағымдарына қатысты мынаны хабарлайды.

Аталған бала бақша тәрбиешісі Перизат Аязбекова "Бәйтерек" тобына 3 айлық сынақ мерзімімен 2018 жылдыӊ 17 тамызында қабылданған.

2018 жылдыӊ 8 қазанында негізгі тәрбиешініӊ жұмысқа жарамсыздығы салдарынан оныӊ орнына тәрбиеші болған П. Аязбековаға қатысты балалар бақшасы меӊгерушісініӊ атына ата- аналардан ауызша шағым түскен.

Ата- аналар шағымы бала бақшаныӊ өндірістік жиынында қаралған, педагогикалық этиканы бұзғаны, балдырғандарға дөрекілік көрсеткені үшін П. Аязбекова 2018 жылдыӊ 10 қазанында №64 бұйрық бойынша жұмыстан босатылған.

Болған келеӊсіз оқиға туралы қаланыӊ Білім басқармасы хабарсыз болған.

Қаланыӊ Білім басқармасы мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерініӊ басшыларымен, қызметкерлерімен бірнеше жиын өткізіп, онда тәрбиеленушілермен арада дөрекілік фактілеріне жол бермеу, балалардыӊ денсаулығын қорғау талаптарын қатаӊ сақтау, әсіресе психологиялық салауаттылыққа ерекше мән берулері жөнінде ескерткен болатын.

Қаланыӊ Білім басқармасыныӊ 2018 жылғы 24 қазандағы №105 бұйрығы бойынша №140 бала бақша меӊгерушісі қызметінен босатылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны