30.09.2017, 11:42 6715

"Алматы қаласыныӊ интерактивті діни картасы" деп аталатын жоба жүзеге асырыла бастады

Жоба екі тілдік нұсқасы - қазақ және орыс тілдері бар, ерекше дизайндалған және барлық гаджет түрлеріне бейімделген арнайы электронды портал түрінде шығарылды.

Алматы. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгінгі күні әр түрлі радикалды және экстремистік діни ағымдардыӊ, сонымен қатар деструктивті діни культтердіӊ таралуы, қоғамныӊ бейбіт дамуына және тұрақтылығына төніп тұрған еӊ үлкен қауіптердіӊ бірі болып отыр. Исіресе, қоғамда дінге деген қызығушылықтыӊ өсуіне байланысты бұл өзекті мәселеге айналды.

Сарапшылардыӊ айтуы бойынша діни экстремизм идеологиясыныӊ таралуына көптеген себептер мен факторлар бар. Олардыӊ қатарында біз келесілерге ерекше көӊіл бөлеміз: жергілікті халықтыӊ діни сауаттылығыныӊ төмендігі, жергілікті тұрғындардыӊ қала (мемлекеттер) территориясында әрекет етіп жүрген діни ұйымдардыӊ қызметтері жайлы хабарсыздықтары, ғаламтордағы деструктивті ағым мүшелерініӊ белсенді әрекеттері. Жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешу мақсатында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасыныӊ "Сараптама және зерттеу орталығы" "Алматы қаласыныӊ интерактивті діни картасы" деп аталатын жобаны жасап шығарды. Жоба екі тілдік нұсқасы - қазақ және орыс тілдері бар, ерекше дизайндалған және барлық гаджет түрлеріне бейімделген арнайы электронды портал түрінде шығарылды.

Сайттыӊ еӊ басты бетінде орналасқан "Интерактивті картада" қаланыӊ барлық діни ұйымдары, культтік ғимараттары, діни әдебиеттер тарататын орындары және т.б. объекттер толық сипаттамаларымен орналасады. Оныӊ еӊ негізгі "фишкасы" алматылықтардыӊ осы бақылау процесіне қатысу мүмкіндігі. Сайт функционалы хабарламаларды, фото және видео материалдарды тіркеп, картада нақты геопозициясын көрсетіп, сайт арқылы жіберуді қарастырады.

Бүгінгі күні ресурсты өӊдеу және толтыру жұмыстары толығымен аяқталды. Бұл жобаны енгізу келесідей мүмкіндерді ұсынады деп күтілуде : - қала тұрғындарын заӊды түрде қызмет етіп жатқан діни ұйымдар, культтік ғимараттар және миссионерлер жайлы барынша хабардар етіп отырады. Ол өз кезегінде тіркелмеген діни ағымдар мен деструктивті культтерге тартылуын айтарлықтай азайтады; - бақылау процесін едәуір тиімді етіп, жүргізіліп отырған жұмыстыӊ жылдамдығы мен нәтижелілігін арттыруға көмегін тигізетін қала тұрғындарына да қатысуға мүмкіндік береді. - Жалғыз және өзекті дерекқор тәулігіне 24 сағат бойы мемлекеттік орган қызметкерлеріне қолжетімді бола алады, сонымен қатар өз араларында байланысты жеделдетіп, соныӊ нәтижесінде дін саласындағы мүмкін болатын заӊ бұзушылыққа жылдам шара қолдануға мүмкіндік береді.

Бұл жоба тек мемлекет деӊгейінде ғана емес, барлық Орталық Азия аймағы бойынша өзекті болып табылатындығын ескере кету керек.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны